Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Начальник управления культуры Директор МБУК




Стамалар

Ұстамалар – кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана бұзылысымен, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегативті реакциямен көрінетін ұстамалар.

Үлкен эпилепсиялық ұстама (grand mal) – бір сәтте сананың толық жоғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстама. Ұстаманың алдында бірнеше сағат немесе бір-екі күн бұрын жалпы әлсіздік, бастағы ауырлық сезімі, көңіл-күй өзгерісі, еңбекке қабілеттілік төмендеуі тәрізді хабаршы белгілері байқалады. Кейде ұстама аурадан басталады, ол грек тілінен аударғанда «леп есу» деген сөз. Аура сенсорлы болуы мүмкін, ол ауаның жеңіл қозғалысы, желдің есуі, галлюцинаторлы бейнелерді қабылдау, психосенсорлы, дереализациялық және деперсонализациялық бұзылыстармен жүреді, және моторлы болуы мүмкін, бұл кезде стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар көрінеді, вегативтік аура вазомоторлық және секреторлы бұзылыстармен көрінеді, психикалық аура аффективті, сандырақтық және басқа көріністермен бірге күрделі күйзелістермен өтеді. Аураны санының ерекше жағдайларына жатқызады, бұл кезде науқас болып жатқан оқиғаларды ішінара түсінеді, өзінің іс-әрекетін бақылай алады, мысалы, құлап бара жатып, денесін жарақаттамас үшін жата қалу. Аура бірнеше секундқа созылады, бірақ ұмытылмайды, тіпті есінде толығымен анық сақталуы мүмкін.

Тырысулық ұстама басталған уақытта барлық көлденең жолақты бұлшық еттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас «шалынған» тәрізді құлайды – бұл ұстаманың тоникалық фазасы. Дене керіледі, қол-аяғы жазылады, өйткені жазғыш бұлшық еттер күші басым болады. Тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысынан, спазмдалған дыбыс тесігінен ауа күшпен шығады да, ұстаманың басында осындай науқастарға тән айқайы шығады. Ауыз бірнеше секунд бойына ашық болады, сонан соң тістері сақылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде көздері аларып, айналады. Тоникалық фаза 15-30 сек. созылады, артынан клоникалық фазаға ауысады, ол 20-40 сек. созылады. Бұлшық еттердің тырысулық жиырылуы босаңсу жағдайымен алмасып тұрады, науқас «ұрылып» «соғылады». Тіл бұлшық еттерінің тырысулық жиырылуы нәтижесінде сілекей көбіктенеді де ауыз арқылы сыртқа шығады, кейде қанға боялып, алқызыл түсті болып шығады. Клоникалық фаза кезінде еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрық шығару болады. Құрысудың барлық кезеңі бойына науқас дем алмайды, тері жабындысы, әсіресе бет терісі бозарудан қою көк және қара-көк түске дейін ауысады. Құрысу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа дейін комотозды жағдай бақыланады, артынан – жиі ұйқы жағдайына ауысатын есеңгіреу жағдайы бақыланады. Құрусудың барлық кезеңі есте қалмайды, кейде ретроградты амнезия болады.

Кіші эпилепсиялық ұстама(petit mal) – кенеттен қысқа уақытқа сана сөнуімен тырысусыз ұстама, бұл уақытта науқас құламайды, бастапқы қалпында қалады. Ұстама бірнеше секундқа созылып, толығымен амнезияланады.

Үлкен және кіші эпилепсиялық ұстамалар генуиндік және симптоматикалық эпилепсияның клиникалық көрінісін құрайды.

Джексон ұстамасы – бір жақтық тырысулық ұстама, анық сана жағдайында бір қол немесе аяқта пайда болып, дененің бір жартысына генерализацияланады. Ұстаманың жоғарғы шегінде сана күңгірттенуі мүмкін. Мұндай ұстама бас миының органикалық зақымдануының белгісі.

Невротикалық синдромдар

Невротикалық синдромның ерекшелігі бұзылыстар деңгейінің терең еместігі болып табылады, мұнда тек астениялық, аффективті симптомдар және невротикалық (обсессивті, фобиялық, истериялық, сандырақсыз ипохондриялық) бұзылыстар жатады. Бұл паталогияның айырмашылығы психикалық бұзылыстардың парциальдылығы, оларға деген сыни көзқарастың болуы, дертті түсіне білу, қоршаған ортаны адекватты қабылдау және психикалық функцияның әлсіздігімен бірге жүретін мол соматовегативті симптоматика. Невротикалық синдромдар құрылымында заттық сана бұзылыстары, сандырақ идеялар, галлюцинациялар, деменция, маниакальды жағдай, ступор, қозу болмайды. Нағыз невротикалық бұзылыстар кезінде тұлға қасиеті сақталады. Сонымен қатар, қоршаған орта зиянды әсері тұлға, оның реакциялары, оның әлеуметтік болмысы арқылы іске асады. Көрсетілген барлық ерекшеліктер осы бұзылыстарды норма мен патология, соматикалық және психикалық аурулар арасындағы шекарада орналасқан шекаралық психикалық патология деп квалификациялауға мүмкіндік береді.

Әрбір невротикалық синдромдардан сәйкес невроздың клиникалық көрінісі қамтылады. Алайда әрбір невротикалық синдром психоз шеңберінде анықталуы мүмкін – психопатологиялық симптоматиканың әлсіз күрделенуі жағдайында. Бұл жағдайларда олар невроз тәрізді деп аталады.

Неврастениялық (астениялық) синдром тітіркенген әлсіздікпен сипатталады. Ішкі тежелудің туа және жүре пайда болған жетіспеушілігінде қозу ешнәрсемен шектелмейді, ол тітіркенгіштікпен, шыдамсыздықпен, зейін әлсіздігімен, ұйқы бұзылуымен көрінеді. Астенияның гипер және гипостениялық түрлерін ажыратады. Гиперстениялық астенияда қоздыру үрдісінің қалыптылығы, тежеу үрдісінің әлсіздігі эксплозивті реакцияларға бейімділікке ықпал етеді. Гипостениялық астенияда тек тежеу үрдісінің ғана емес, қозу үрдісінің де әлсіздігі көрінеді: ой жұмысы және физикалық жүктеме кезінде аса шаршағыштық, еңбекке қабілетінің төмендеуі, өнімсіздік, есте сақтаудың нашарлауы.

Бұл жағдайларға бас ауруы, вегетативті бұзылыстар, сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық қосылады.

Обсессивті-фобиялық синдром әрқилы жабысқақтықтар және фобиялар түріндегі психопатологиялық өнімдермен көрінеді. Бұл кезеңде үрейлену, күдікшілдік, сенімсіздік күшейеді, астенизация белгілері көрінеді.

Ипохондриялық синдром мазмұны бойынша мынадай болады: 1) астениялық, 2) депрессивті, 3) фобиялық, 4) сенестопатиялық, 5) сандырақтық. Невротикалық жағдайда жай, сандырақсыз ипохондрия жөнінде айтылады, ол өз денсаулығына аса көңіл аударумен, оның дұрыстығына күмәнданумен көрініс береді. Науқас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың өзі және оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті өзгерістер, депрессия және басқа да себептер болуы мүмкін. Науқас әртүрлі мамандарға жиі көрініп, тексеріледі. Зерттеудің жақсы нәтижесі науқасты біраз уақытқа тыныштандырады, бірақ артынан қайта күшейеді, ауыр дерт жөніндегі ойлар оралады. Ипохондриялық симптоматиканың пайда болуы ятрогениямен байланысты болуы мүмкін.

Истериялық синдром – кез-келген ауру симптомдарының жинағы, бұл симптомдар жоғары сенгіштіктің және өз-өзін сендірудің нәтижесі болып табылса, және де эгоцентризм, демонстративтілік, психикалық жетілмеушілік, қиял ойынының басымдылығы және эмоциональды лабильділік тәрізді тұлғалық ерекшеліктерге тән. Бұл жағдай истериялық невроз, тұлғаның истериялық дамуы мен истериялық психопатияға тән.

Психопатиялық синдром

Бұл науқасты әлеуметтік дезадаптацияға алып келетін эмоциональды және еріктік саладағы тұрақты дисгармониялылық, мінез патологиясымен көрініс береді. Бұзылыс таным үрдісіне әсер етпейді. Психопатиялық синдром жоғарғы жүйке жүйесінің туа (психопатиялар) және жүре пайда болған (постпроцессуальды жағдай) өзгерістері нәтижесінде әлеуметтік ортаның белгілі бір жағдайларында түзіледі. Бұл айырмашылықтарды айқындау үшін, шизофрениялық немесе церебральды-органикалық үрдіс нәтижесінде пайда болатын мінез өзгерістерін кейде психопатия тәрізді синдром деп атайды. Психиатрияда бұл патология шекаралық бұзылысқа жатады.

Психопатиялық синдром варианттары психопатияның клиникалық формаларына сәйкес келеді және қозғыш немесе жоғары тежелгіштік сипатымен көрінеді. Бірінші жағдайға эмоциональды ұстамсыздық, ашуланшақтық, даушылдық, шыдамсыздық, тіл табыса алмаушылық, ерік тұрақсыздығы, алкоголь және наркотик қолдануға бейімділік тән. Екінші вариантының ерекшелігі әлсіздік, тұлғалық реакциялардың зорығуы, оның жеткіліксіз белсенділігі, өзін төмен бағалау, күдіктенулерге, сенімсіздікке бейімділік болып табылады.

 

«Лысьвенская БС»

___________И.В. Кучумова _____ З. И. Копылова «____»___________2016 г. «____»___________2016 г.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 256; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.