Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

DECT стандарты

DECT - уникальды стандарт болып келеді. Ол телефонияға жасалынған болса да оны мәліметтерді тарату жүйесін құруға қолдана бастады. DECT ұялы байланыс стандартымен және радиорелейлі технологиялармен бәсекелесе алады, тіпті үйдегі мультимедия жүйелеріне, телефон тораптарына, ұялы байланыстың IMT-2000 үшінші кезеңі екені де рас. DECT жүйелері нарықта динамикалық қарқынмен дамып келе жатыр.

Тарихқа үңілсек, бірінші DECT қолданушыларға, телефон аппараттарына - біріктіретін сымдар қолдану мүмкіншілігін берді. Интегралды жартылай өткізгіш технологиясының дамуымен телефондарда тарату және қабылдау блоктарын орналастыра бастады. Бірінші радиоұзартқыштар пайда болды, аналогтық телефондарды жұмсақ сымды радио трактілермен ауыстыра бастады. Бұл кезеңдегі телефондарды СТ-O (Cordless Telephone) деп атады. Олардың негізгі мақсаты - қолданушылардың 10 немесе 100м радиусында телефон торабына қосылатын нүктеден алыс кетпей еркін қозғалуы. Осы құрылғылардың негізгі кемшілігі сәулелену қуатының үлкен болуы (1Вт - қа дейін), бір біріне бөгет жасауы, ұрлап тыңдауға жеңіл мүмкіншілік бар. 80-жылдары Еуропада СТ-1стандарт жүйесі пайда болып аналогтық радиоұзартқыш жұмысымен қатар,онда сымсыз байланыс торабының функциялары алғаш рет көріне бастады, ол роуминг сияқты және бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өткенде байланыстың үзілмеуі байқалады.

Бірақ аналогтыққа қарағанда сандық спецификацияның шығуы үлкен өзгерістер әкелді. Бірінші сандық спецификация СТ-2 (кесте 8) ҰлыБританияда 1989 жылы жетілдіріп шығарылды.Оның басқа аттары болды: жалпы сымсыз қосылу, Соммоn Air Interfaсe, CAI/CT-2, MPT 1375 стандарты.

Кесте 8

СТ-2 (Tangara RD), СТЗ и DECT байланыс стандарттарының негізгі сипаттамалары

Параметрі СТ-2 Tangara RD CT-3 DECT
Жұмыс жиілігінің диапазоны, МГц 864-868,2 862-866 1880-1900
Каналдарды жәктеу әдісі FDMA TDMA көп жиілікті бөлінуімен (4 канала), 8 дуплексті каналдың тасымалдануы TDMA көп жиілікті бөлінуімен (10 каналов), 128 дуплексті каналдың тасымалдануы
Канал жолағының ені, МГц 0,1   1,728
Дуплексті байланыстың ұйымдастырылуы TDD TDD TDD
Сөздің кодталуы ADPCM, 32 Кбит/с ADPCM, 32 Кбит/с
Базалық станцияларды қолдайтын каналдар саны 2-6   до 120
Тарату қуаты, мВт   10-250

1992 жылы EISI CAI/CT-2 атын Европалық стандарт ретінде қабылдады. СТ-2 негізінде Telepoint жүйесі жасалынды, артынан ол әлемде кең қолданыла бастады. Дәлел бойынша бірінші рет микроұялы архитектурасы іске асырылды. CT-2 жүйелерінің үлкен болашағы болады деп жорамалдағандар қателесті,себебі 90-жылдардың ортасында ұялы байланыстың қызмет көрсету ақысының тез арзандауы әсер етіп,оған қызығушылық ретінде 90-жылдардың басында Ericson фирмасының CT-3 стандарты пайда болды. Кейбір елдерде сол стандарт орын ала бастады, кешікпей Европалық телекомуникация ұйымдастығы жаңа спецификацияға DECT-ке (Digital European Cordless Telecom) назар аударды.

DECT былай қарағанда спецификациялар жиынтығы болып келеді, әр түрлі байланыс тораптары және олардың қолданатын құрылғыларының радиоинтерфейсін анықтайды. DECT CI-дің мақсаты - байланыс тораптарының және соңғы құрылғылардың әрекеттесуін қамтамасыздандыратын талаптарды, протоколдар және хабарлардың форматтарын белгілейді. Тораптарды құру және құрылғылардың ішкі құрылысы стандартқа кірмейді.

DECT - тің бастапқы міндеті әр түрлі құрылғылар жасаушыларды бір - біріне сәйкестендіру. Ол үшін әр-түрлі жүйелерде әрекеттесуші профильдер аттары жетілдіріле бастады. 1994 жылы бірінші болып унификацияланған қол жету профилі GAP (Generic Access Profile)-ETS 300 444 шықты.Ол DECT-тің соңғы құрылғылары (телефондар,базалық станция,сымсыз офистік АТС). Бәріне дауыс байланысының өткізу жолағы 3,1кГц, содан кейін DECT және GSM, DECT және ISDN мобилділігі шектелген абоненттердің жалпы барлығы қолданатын тораппен әрекеттесу (Cordless Terminal Mobility, CTM), абоненттік радиоқолжету амалдары және т.б әрекеттесуші профильдері шықты.

DECT спецификациясы бойынша диапозонның кеңдігі 20МГц (1880-1900), 10 тасымалдаушы жиіліктері берілген интервалда 1,728 МГц, DECT- те каналды уақыттың бөлу, қол жету технологиясы –TDMA(Time Division Multiple Access) қолданылады.Уақыттың спектрі 10мс болатын бөлек кадрларге бөлінген. Әрбір кадр 24 уақыттық слотқа бөлінген: 12 слот қабылдауға және қалған 12-сі таратуға арналған. Сонымен әрбір 10 тасымалдаушы жиілікте 12 дуплекстік канал болады, барлығы 120. Дуплекстік байланысты іске асыру үшін қабылдауға, таратуға уақыттың бөліну әдісі (TDD,Time Division Duplex)қолданылады. Оның интервалы 5 мс.

DECT-те дауысты сығудың адаптивті дифференциялдық импульс кодты модуляциясы (ADPCM) қарастырылған,оның жылдамдығы 32кбит/c (ITU-T G.726 мен ұсынылған). Уақыттық слоттарды біріктіріп мәліметтерді тарату жылдамдығын 70 кбит/c дейін жеткізуге болады. Радиотрактіде Гаусс фильтрін қолданатын жиілік модуляциясы (GFSK) бар. DECT байланыс каналы әр уақытта базалық станцияны (БС) таңдайды. Барлығы 120 RSSI(Received Signal Strength Indication) тізіміне жазылады. Егер канал бос болса немесе қатты шуланған болса (мысалы, басқа DECT құрылғысының бөгет сигналдары),онда RSSI көрсеткіші оған үлкен болады. RSSI БС - сы аз болатын абоненттік шақыру қызметтік аппаратын, станция идентификаторын, жүйенің мүмкіншілікерін тұрақты таратып тұруға ыңғайланған. Бұл ақпарат арқылы абоненттік құрылғы базалық станциямен қосыла ала ма, әлде жоқ па, бос каналдар бар ма деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін сапалы сигналы бар базалық станциямен қосылады.

DECT байланыс каналы әрқашан АТ-ны таңдайды. АТ базалық станциядан қосылуға рұқсат сұрағанда,одан жауап алып,радиоканалды таңдайды. Қызметтік ақпарат БС-мен беріледі және АТ-мен мен үздіксіз анализденеді,сондықтан АТ жақын тұрған БС-мен синхрондалған болуы керек. Жаңа қосылыс болғанда АТ RSSI шамасы аз каналды таңдайды,бұл канал бос, әрі таза болып келеді. Осы процедура динамкалық каналды үлестіру DCS (Dinamic Channel Selection)деп аталады,жиілікті DECT жобалап меңгеруді бастады,бұл DECT-тің маңызды қасиеті.

АТ каналы қол жетімді каналдардың анализін жасайды,байланысу сеансы кезінде ол динамикалық каналды ауыстыра алады. Ондай ауысу БС-нің басқа каналына немесе басқа БС-ға өтуі мүмкін.О ндай процедура ‘’хэндовер’’ (handover) деп аталады. Хэндовер кезінде жаңа қосылыс орнап,екі каналдың арасындағы байланыс белгілі бір уақыт аралығында жүре бастайды. Содан кейін оның ішінен жақсысы таңдап алынады.Екі БС арасында каналдарға өту автоматты түрде болады, қолданушы ондай қосылуды сезбей қалады,себебі ол АТ құрылғысымен іске асады. Бұл микросоталық жүйелерді құрастыру маңызды қолданушылардың бір сотадан екінші сотаға өткендегі байланыста болу мүмкіншілігін береді.Әрдайым каналды таңдау АТ-ның еркінде болса да, БС-дан төмен сапалы байланыс туралы мәліметтер АТ-ға келіп тұруы мүмкін, бұл хэндовер кезінде байқалады.

Радиотрактіде DECT аппаратурасының сигнал қуаты аз болады,шамамен 10 нан 250МВт дейін болады.10МВт қуатты микросоталық жүйенің радиусы ғимараттың ішінде 30-50м болады,ашық кеңістікте 300-400м үлкен территорияны жауып тұру үшін (5км дейін, егер бағыттаған антенналар болса) қуаты 250 МВт қа жететін таратқыштар қолданылады. DECT құрылғылары аз қуатты болғандықтан олардың адам денсаулығына тигізетін зияны өте аз болады. Сондықтан Еуропада медициналық мекемелерде оларды қолдану рұқсат етілген.

10Мвт қуатты пайдаланып БС-ны бір-бірінен 25метр қашықтықта орнатуға болады. Егер БС-ны бір жазықтықта (бір этажда) алты бұрышты схема түрінде орнастырса,онда бір уақытта рекордты қосылудың тығыздығы 100 мың абонентке дейін жетіп қалады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция№6 | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1272; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.