Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 15 страница




Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі мүмкін (ҚР АІЖКтің 344бабы).

Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелерінің толық тізімі ҚР АІЖКтің 269бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс:

егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болса;

— егер жауапкер дәлелді себептер туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса;

егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе.

Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды (ҚР АІЖКтің 270бабы).

Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ (ҚР АІЖКтің 270бабы).

Сырттай іс жұргізу негіздемелері (ҚР АІЖКтің 260бабы):

жауапкер істін каралу орны мен уакыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе;

жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей калса немесе келмей калуыньщ дәлелді себептері туралы хабарламаса;

жауапкердін істі өзі жокта карау туралы өтініші болмаса;

талап коюшынын істі жауапкер жокта карауға келісімі болса;

талап коюшынын істі жауапкер жокта карауға келісіміне карамастан, жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса.

Бұйрық арқылы іс жүргізу

Біздің азаматтық сот ісін жүргізу процесін реттейтін 1999 жылы жаңадан қабылданған АІЖКсі азаматтық іс жүргізуде жаңа бцйрыц арқылы іс жүргізу институттық құқықтық мәртебесін қалыптастырды және анықтады. Сонымен, жалпы іс қарау процедур анық проблемасын шешті және кейбір категория істер үшін оларды оқайлатылған нысанда қарап сот бұйрығын шығару арқылы белгілеген.

Бұйрық арқылы іс жүргізу бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір түрі (ҚР АІЖКі 2бөлімнің 1бөлімшесі).

Бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша қозғалады.

ҚР АІЖКі 21бабының 1) тармағына сәйкес сот азаматтық істер, жөніндегі сот актілерін шешім, ұйғарым, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.

Сот бұйрығы азаматтық іс бойынша шығарылатын болғандыңтан, оны шығарардан бүрын судьяның ұйғарымымен іс қозғалады. Бұл ұйғарым шағымдануға жатпайды.

Сот бұйрығы бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тықдау үшін шақырмайақ және сотта іс қарамайақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрыгы атқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.

Сот бұйрығы (сот қаулысына қарағанда) азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, бірақ оқайлатылған нысанда, мұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушы және борышкер өндіріп алушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттагы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мулікті талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мүлікті өндіріп алу бұл ережелерге сәйкес келмейді.

Сот бұйрығы АІЖКнің 140бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:

Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердің міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе, судья арыз қабылдаудан бас тартады.

Жоғарыда аталған талаптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісімшарттық шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса). Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп түрса, судья сот бұйрығын беруден бас тартады.

Сот бұйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.

Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын беруге мүмкіндік береді. Сондыңтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мәлім етілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.

Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді (ҚР АІЖК-і 149 бабының 1бөлігі).

Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмұнында:

1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтық шығарылған күні;

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;

3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның түррылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірықғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттерімен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірықғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгіленуі;

егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздың айыбының мөлшері;

борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жоғарыда аталған 1)5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіпбағуға алимент алып берілетін әрбір бал анық аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мелшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі (ҚР АІЖКтің 146бабы).

Судья қол қойған сот бұйрығы екі данада жасалады, оның біреуі сот жүргізетін істе қалады, екіншісі соттың мөрімен куәландырылады және өндіріп алушыға беріледі. Бұл сот ісін жүргізудің оқайлатылған ерекшелігі, сол сот бұйрығы:

соттаісті қараусыз;

өндіріп алушыны және борышкерді шақырмайақ;

және олардың түсіндірмелерін тықдамайақ беріледі.

Оған қоса процессуалдың әрекеттер жасалғаны туралы хаттама жүргізілмейді. Сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа, оның сипаттау және дэлелдеу бөліктері жоқ, тек атқару парақтарында көрсетілетін мөліметтер бар.

Даусыз талаптардың түпкілікті тізімі ҚР АІЖКнің 140бабында көрсетілген.

226Сот бұйрығы судьямен жекедара шығарылады:

егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

егер талап жазбаша мөмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;

71) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлімделген болса;

8) егер кепіл берушіборышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтық талабы мәлімделген болса, шығарылады.

Егер талап "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Заңының 20 бабының ережелеріне негізделген болса және борышкер оны мойындаса, сомасы 50 (елу) айлық орта көрсеткішке дейінгі мөлшердегі тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талап, сот бұйрығын шығару тәртібімен қаралуға жатады. Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті емес сапасымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптар ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мәлімделген кезде (моральдың зиянның орнын ақшалай толтыру, аиыплүл, іс жүргізу жөніндегі шығындарды өтеу және т.б.), өтініш талап қою бойынша өндірісінің тәртібімен қаралуға жатады.

Сот бұйрығының күшін жою туралы арызын бере алатын борышкер заңмен белгіленген мерзіммен шектелген. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзімде байланыстық кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы (ҚР АІЖК-тің 147 бабының 2 бөлігі).

Бірақ мұндай арызды белгіленген мерзімде беру сот бұйрығының күшін жою үшін әлі жеткілікті емес. Мұны жасауы мүмкін, егер борышкер дәлелді себептер бойынша сот бұйрығының күшін жою туралы арызды уақтылы ұсынуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдесе.

Егер ондай мәнжайлар болмаса, судья сот бұйрығының күшін жоюдан бас тартады. Бұл жағдайда борышкер сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тәртіпте шағымдануға құқылы. Сонымен қатар ол қадағалау тәртібі бойынша сот бұйрығының өзіне шағым беруге құқылы.

Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптық талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымының көшірмесі оны шығарғаннан кейін 3 (і/ш) кі/ннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымы шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖКтің 148бабы).

Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АІЖКтің 3тарауында белгіленген соттылықтық жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі, ал оған қоса тіркелетін құжаттар көшірмелерімен борышкерлер саны бойынша ұсынылады.

Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:

арыз берілетін соттың атауы;

өндіріп алушы жеке тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса реквизиттері;

борышкер жеке тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса реквизиттері;

өндіріп алушының (жеке немесе заңды тұлғаның) талаптары және ол негіздеген мәнжайлар;

мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.

Арызға өндіріп алушы немесе өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызда оның өкілеттігін куәландыратын құжат қосатіркелугетиіс(ҚРАІЖКі61бабының, 141баптық 4бөлігі).

Сот бұйрығын шығару туралы арызға талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен сотқа талап қою арқылы жүгінген жағдайда дауға салынатын сомадан аударымдарды негізге ала отырып, 50 (елу) пайыз ставка мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Арызды қабылдаудан бас тартылған немесе сот бұйрығының күшін жойған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік бажы өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судья ұйғарым шығарады, ал оған өндіріп алушы жеке шағым беруі мүмкін.

Арызды қабылдаудан бас тарту өндіріп алушы мен сол талап бойынша талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қою мүмкіндігіне жол беріледі.

Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде оның күшін жою туралы арызды сол сотқа беруге құқылы, егер ол дәлелді себептер бойынша мәлімделген талаігқа келіспеген қарсылығын уақтылы білдіруге мүмкіндігі болмаса. Бұл жағдайда судья сот бұйрығының күшін жояды, одан кейін өндіріп алушының мәлім еткен талабы талап қою бойынша іс жүргізу төртібімен қаралуы мүмкін.

Сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін.

Егер белгіленген он күн мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.

Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы және жергілікті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.

 

 

13 Тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу Ерекше іс жүргізу

 

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша сот азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдары, қоғамдың бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлердің екінші жағынан араларындағы туындаған құқық туралы дауды қарап, шешеді. Билік өкілеттігі бар органдармен немесе тұлғамен шығарылған құқықтық актіні сотта шағымданған азамат мемлекеттік органның (лауазымды адамның) ісөрекеттерімен (өрекетсіздіктерімен) келіспейтіні туралы мөлімдейді және оларды заңсыз деп тануды талап етеді. Ал лауазымды адам (мемлекеттік немесе өзге де орган) сотта өз ісәрекеттерінің (өрекетсіздіктерінің) заңды екенін және азаматтық талабы орынсыз екенін дәлелдеуі

тиіс.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ццсастыгы және бір-бірінен айырмашылыгы бар.

Жалпы үқсастығы:

- құқық туралы дау.

- АІЖКде белгіленген талап арызды (арызды) қабылдаудан бас тарту туралы, талап арызды (арызды) қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз қалдыру туралы ережелер (ҚР АІЖКнің 153, 154, 155баптары).

Жалпы бірбірінен айырмашылығы:

- талап қою істер бойынша дау азаматтық, отбасылық, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субъектілер өзара тең құқылы, ал мемлекеттік, әкімшілік және қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан мемлекеттік қызметкер) үшін билік және бағыну қатынастары төн. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдың құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең құқылы.

- Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шаеым немесе арызбен қозғалады.

Әкімшілікқұқықтық қатынастарынан туындайтын істер қараудың процессуалдың төртіп негізін азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері құрайды, яғни азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жалпы тәртібін.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері ҚР АІЖК-нің 3 бөлімшесінде көрсетілген.

Олардың қатарына мынадай істер жатқызылады:

1. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдың бірлестіктердің сайл ау құқықтарын қорғау туралыарыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК-нің 25 тарауы).

2. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (өрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 251тарауы).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК-нің 26 тарауы).

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 27 тарауы).

Нормативтік құқықтык актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК нің 28тарауы).

Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен ісәрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖК-нің 29 тарауы).

Енді өрқайсысын жеке қарастырайық.

1. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдың бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 25тарауы).

Осы тарау төртібі бойынша мемлекеттік органның, жергілікті өзінөзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе өрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтық, қоғамдьщ бірлестіктің, сайлау комиссиясының мүшесінің арыздары қаралады.

Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде және дауыс беру күні арызбен сотқа азамат, қоғамдың бірлестіктің және сайлау комиссиясының мүшелері жүгіне алады (ҚР АІЖКнің 273бабы).

Алдын ала сайлау комиссиясына (референдум өткізу бойынша комиссиясына) жүгіну азамат үшін міндетті болып танылмайды.

Процеске арыз берушінің және тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзінөзі басқару органы өкілінің қатысуы міндетті болып табылмайды, олардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

Мұндай категориялық істер бойынша сот шешім шығарады. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық шағымдануға жатпайды. Бұл сот шешімі:

- сайлаушылар тізіміне түзетулер енгізу үшін;

- кандидатты тіркеу үшін;

- қоғамдың бірлестікті сайлауға немесе референдумға қатысушы ұйымдар қатарына енгізу үшін;

- сайлау күнін өзгерту үшін негіз болып табылады (ҚР АІЖК-і 274 бабының 1,2 бөліктері).

2. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 251тарауы).

Көптен бері талқыланған қылмыстық сот ісін жүргізудегі алқабилер институтын құру Қазақстанда жүргізіліп жатқан сотқұқықтық реформасының нәтижесінің бірі. ҚР Конституциясы 75бабының 2бөлігіне сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилер қатысумен жүргізіледі. Нақты сотта қылмыстық істер алқабилер қатысуымен қарауы 2007 жылы 1 қантарынан күшіне енеді.

Азаматтық іс жүргізу тәртібімен жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту мәсе

234лесі шешіледі. Бұл категориялық істер арыз беру арқылы қозғалады.

Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) алқаби ретінде қылмыстык; сот ісін жүргізуге қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуда азаматтық құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат ҚР АіЖКтің 3тарауында белгіленген соттылық бойынша сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2284; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.