Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сладтар, кестелер




Бақылау сұрақтары:

  1. Күлгіндену процесінің мәнін айтып бер.
  2. Шымдану процесінің мәні неде?
  3. Батпақтану процесі қалай өтеді?
  4. Жалған күлгінденудің (лессиваж) күлгіндену процесінен айырмашылығы неде?

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 4

Аралас орманның ормандық қоңыр және

ормандық сұр топырақтары

Дәріс мақсаты: Аймақтың табиғи топыраққұралу жағдайлары сипаттама, топырақ жаралу жаралу процестерінің мәні туралы мағлумат беріледі.

Түйінді сөздер: Табиғи топырақ құралу, генезис, морфогенетика. Балшықтану процесі, жіктеу, диагностика.

Сұрақтар:

  1. Табиғи топыраққұралу жағдайлары.
  2. Топырақ жаралу ерекшеліктері және оларды жіктеу.
  3. Топырақ қасиеттері мен құрамы.
  4. Топырақты ауыл шаруашылығында пайдалану.

Қоңыр ормандық топырақ ТМД-дағы Карпаттың арғы беткi тау eтегiндегi жазықтықта, Калининград облысында, Белоруссия мен Литваның батыс аудандарында кездеседi. Сондай-ақ Хабаровск облысының оңтүстiгiнде және Амур өлкесiнде тараған /Уссури-Ханкай және Зейск -Бурейск өңiрi/. Қоңыр ормандық топырақтың жалпы көлемi, амур прейриiндегi шабындық қара топырақ алабымен, 20 млн.га жетедi.

Таулы ормандық қоңыр топырақ Кавказ бен Қырымда және Сихотэ-Алинде кездеседi.

Климаты. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерi батыс бөлегiнде 600-1000 мм, булану 350-ден 550 мм дейiн ауытқиды, сондықтан топырақта онша шайылмайтын ылғал құбылымы тұрақталған. Белсендi температуралық жылу жиынтығы 2000-30000С тең. Қысы жы­лы. Аймақтың Қиыр Шығысында климат муссонды келедi, ең көп жayын жылы мезгiл алдына таман жауады; қысы қатал, қары аз, сондықтан топырақ кескiнi 2-3 м тереңдiкке тоңданып, баяу еридi. Жылдық жауын-шашын мөлшерi 450-600 мм, булану 430-550 мм тең. Белсендi температуралық жылу жиынтығы мұнда азырақ- 1900-26000С.

Топыраққұраушы жыныстар көбiнесе элюви-делювилi және алювилi шөгiндiлерден тұрады. Литва мен Беларуссияда мұз тектi құмбалшықты борпыл жыныс жамылғысы, ал Карпаттың арғы бетiнде қызыл және тұpлi тұстi үгiлу /элювий/ қабығы басым.

Өсiмдiктер. Карпат тауы етегiн iрi жапырақты ормандар /шамшат-бұк, емен, граб, үйеңкi/ жайлаған. Беларуссия мен Литвада бүрiлi-iрi жапырақты ағаштар /шырша мен емен/ басым болса, Қиыр Шығыста оларға жөке ағаш, үйеңкi, самырсын, самырсын қарағай және саян шыршасы қосылады. Қиыр Шығыстың құрғақтау, яғни Зея мен Бурея өзендерi суайрықтарында, жауын-шашыны мен булануы тепе-тең жерлерде, бүрiлi-iрi жапырақты ормандарда шабынды далалық, бидайықты-бұршақты шөптесiндерге алмасады. Мұнда ерекше амурлық прерийдiң кескiнi терең қарашiрiндiлi шабындық-қара топырағы дамыған.

Ормандық қоңыр топырақтың басты ерекшелiктерi: кескiнiнiң жиектерге сәл бөлшектенуi, күңгiрт гумустiк және ашық сұр күлгiнденген қабаттарынан басқалары бiркелкi қоңыр немесе сары-қоңыр түсi /бiрақ аталған жиектер тұрақты байқалмайды/, қышқыл немесе сәл қышқыл орта мен иллювилi-карбонатты жиегiнiң жоқтығы. Топырақ кескiнi құрамы мынадай: А0-орман төсенiшi, оның астында қарашiрiндi шоғырланған А1 жиекше орналасқан, қалыңдығы 5-20см / шабындық қара топырақтарда-30-50 см/; одан төмен өтпелi В жиек жатады, оның түсi қоңыр, кесек-жаңғақты түйiртпектi, қалыңдығы 15-тен 40 см дейiн ауытқиды. В жиек бiрте-бiрте топыраққұраушы жынысқа алмасады. Тасты жыныстың элювиiнде дамыған топырақ сынық тасты келедi.

Жұмсақ және ылғал климатта дамитын ормандық қоңыр топырақты жеке тип ретiнде /қоңыртопырақ немесе қоңыржер деп/ алғаш 1905 жылы немiс ғалымы Е.Раман атаған. Мұнда Л.Прасолов рөлi де үлкен. Екiншi халықаралық топырақтанушылар конгресi /1930/ ''қоңыржер" термiнi орнына "ормандық қоңыр топырақ" деп атауды ұсынған.

ТМД-ғы ормандық қоңыр топырақты зерттеу К.Глинка, В.Вильямс, Л.Прасолов, И.Антипов-Каратаев, И.Герасимов, С.Зонн және басқа ғалымдар еңбектерiмен дамыған.

Ормандық қоңыр топырақ құралу үрдiсi негiзiн қарашiрiндi шоғырлану мен балшықтану және лессиваж құбылыстары салады.

Балшықтану деп, балшықты минералдар құралу құбылысын, бiрiншiлiк минералдар екiншiлiк түрiне биохимиялық және химиялық жағдайлар әсерiнен айналуын, сондай-ақ органикалық қалдықтардан қайта түзiлуiн айтады. Топырақ кескiнiнде балшықтану құбылысы ұзақ уақыт, заттардың биологиялық айналымы жеткiлiктi ылғал мен қолайлы температурада белсендi өтуiне орай жүредi. Балшықтануда кiшiжандылар өнiмдерi мен жоғарғы өсiмдiк қалдықтарының ыдырауы маңызды рөл атқарады. Балшықтану топырақ кескiнiнiң қолайлы температура мен ылғал құбылымы бар орта бөлегiнде байқалады. Сынық тасты жыныстарда құралған топырақта балшықтану үрдiсi беткi жиекке бейiмделген. Топырақ кескiнiнде бұл құбылыс тұнба, темiр, марганец, фосфор, магний, кальций және басқа элементтер шоғырлануымен қатар өтедi. Шайылмалы типтi ылғал құбылымы жағдайында топырақ кескiнiнен, тiптi кейбiр органика-минералдық және минералдық қосындылар да жылжып кетедi екен.

Ормандық қоңыр топырақтың кескiнiнде кальцийдiң карбонат тұздары болмаса да күлгiндену үрдiсi байқалмайды. Бұл iрi жапырақты орман топырағындағы биологиялық айналымның ерекшелiгiне және ормандық түсiм құрамында кальцийдiң көптiгiне байланысты. Сондықтан, органикалық қалдықтардың ыдырауы негiздерге бай ортада жүретiндiктен, олардан түзiлген гумин мен фульвоқышқылдар тез бейтараптанып тұрады. Соның нәтижесiнде, ортаның сәл қышқыл болуына байланысты, бiржарым тотықтар жылжуы тежелiп, екiншiлiк алюмо-ферросиликаттар топырақ кескiнiнiң жоғарғы жағында шоғырланады.

Шөптi орман топырағының жоғарғы жиегiнде қарашiрiндi түзiлу үрдiсi шымдану құбылысымен байланысты болса, төменгi В жиегiнде лессиваж құбылысының маңызы зор және мұнда оптикалық бағдарлы балшықтар ағыны бар.

Негiзгi қоңыр ормандық топырақ типi iшiнде күлгiнденген тегi де кездеседi, ол орман төсенiшi баяу ыдырайтын ызғарлы климат жағдайында қалыптасады, яғни кескiнiнде күлгiнденген А2 В немесе А2 жиекше айқындалған. Карпат тауы етегiндегi жазықтықта және Қиыр Шығыстағы муссонды климатта, ұзақ ылғалды және жылы жағдайда, бұл топырақ үстiнде саздану құбылысы байқалады, себебi тоң баяу еруден топырақ бетiнде су iркiлiп калады.

Коңыр ормандық топырақ типi ормандық нағыз қоңыр және күлгiнденген-қоңыр атты екi типшелерге бөлiнедi. Сазданған және сазданған күлгiндi қоңыр топырақтар болса, ерекше топ құрады. Бұл өңiрдiң биоклиматтық-топырақ құралу ерекшелiктерiне орай, батыс фациясында /бөлегiнде/ қоңыржай, жұмсақ қыс жағдайында қалыптасатын ормандық қоңыр топырақпен қатар Қиыр Шығыстың ызғарлы қысында, терең және ұзақ мерзiмдi тоңданатын, топырақ типi ажыратылады.

Қоңыр ормандық топырақ кескiнiнiң орта бөлегi /В жиек/ тұнбаға байыған. Тұнбалық майда түйiрлердiң мұндай орналасуы қоңыр топырақ құралу үрдiсiнде балшықтану мен лессиваж құбылыстары айқындалуының дәлелi, ал күлгiнденген тегiнде тұнбаның бұлай таралуы жеке күлгiндену үрдiсiне байланысты. Жоғары дисперстi /ыдыранды/ фракциялар /<0,001 мм/ құрамында каолинит пен монтмориллонит топтары, сондай-ақ сулы слюда, бiржарым тотықты топтағы минералдар /гетит, гиббсит/ кездеседi.

Қоңыр ормандық топырақтың қорлық құрамы кескiннiң жоғарғы жағында кремний тотығы, ал ортанғы бөлегiнде 1,5 тотықтар мөлшерiнiң артқанымен сыпатталады. Бұл заңдылық күлгiнденген және үстiртiн сазды топырақ тектерiнде айқын байқалады. Соңғының сазды жиегiнде жылжымалы шала тотықты темiр мөлшерi артқан. Гу­мус құрамы едәуiр фульвоқышқылдар басымдылығымен ажыратылады /Сгқфқ=0,5/. Көп жағдайда топырақ ортасы сәл қышқыл немесе қышқыл келедi.

Қоңыр ормандық топырақтар кең көлемде егiстiкке, шабындыққа, жайылымға және орман шаруашылығына пайдаланылады. ТМД-ның Еуропа белегiнiң таулар етегiндегi жазықтықта дәндi және техникалық дақылдар кең алқапта егiледi, сондай-ақ бұл жемiс пен көкөнiс өсiру дамыған аудандар. Үстiртiн-сазды /Карпат маңайы/ және күлгiнденген /Қиыр Шығыста/ тектер құнарлылығын арттырудағы негiзгi шараларға жырту қабатын арттыру, шөп егу, әк пен органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолдану жатады; топырақтың су-ауа құбылымын /артық суды ағызу, құрғату, жырту қабатын ұлпалау т.б/ жақсарту керек.

Беткейлердегi егiстiкте эрозияға қарсы қолданылатын шаралардың маңызы зор /арнайы агротехника, ағаш отырғызу мен орманды дұрыс пайдалану және мал жайылымын реттеу/.

Сұр ормандық топырақтар негiзiнен орманды-дала аймағының солтүстiгiнде тараған, алабы глейленген түрiмен 50 млн. гектардан астам немесе ТМД территориясының 2,3 процентiне тең.

Табиғи жағдайлар. Аймақта жауын-шашын және булану мөлшерi шамамен бiрдей /7-кесте/. Орталық және шығыс өңiрiнде атмосфералық түсiм мөлшерi батысқа қарағанда төмен. Шығыс мезгiлiне қарай тиiмдi жылу қосындысы />10оС/ азайып, өнiп-өсу /тiршiлiк/ кезеңiнiң ұзақтылығы қысқарады; қысы аязды келедi. Сондықтан аймақтың батыс алаптары ауыл шаруашылық дақылдарының орташа уақытта пiсетiн, ал шығыс өңiрлерi ерте пiсетiн сорттарын өсiруге бағытталған.

Аймақтың Еуропалық бөлегiнiң бедер тұрпаты-эрозиядан бөлшектенген белес-белес қырлы тегiстiк. Топыраққұраушы жыныстар негiзiнен лөс және лөстүрлi құмбалшықтар, ал орталық Ресей алаптары жамылғы құмбалшықтар мен моренадан /мұзарттар ысырындысынан/ тұрады.

Жеке аудандардың /Едiл мен Жайық бойы/ сұр ормандық топырағы перм, юра, бор және үштiк кезеңдегi iргелi жыныстардың бұзылу азығы - элювий-делювилiк материалдан құралған. Батыс Сiбiр өңiрi бiркелкi тегiс, тек өзендер бойы бөлшектене /сай-салалы/ дрендi-ағынды келедi. Топыраққұраушы жыныстары лөстүрлi құмбалшық пен балшықтар. Аймақтың шығыс жағының /Батыс Саянға дейiнгi, Алтайлық өңiрлер/ бедерi көбiрек бөлшектенген және дренделген. Батыс Саянға таяу алаптар бедерi еңкеу-қырқалы, ал шығысындағы /Красноярск пен Кандық орманды-дала/ таулар етегiнде қыратты, кiшi-орташа төбелi бедер түрлерi тараған.

Аталған алаптар топырағы негiзiнен лөстүрлi құмбалшық пен балшықтардан құралған.

Аймақтың тың жерi өсiмдiк жамылғысы аралас түрлерден тұрады; орман ағаштары арасы мен ағашсыз алаңдарда далалық шабынды шөптесiндер тараған, яғни селеу, бетеге, арпабас, жалбыз, сары беде т. б. Орман ағаштары түрi алаптарда бiрдей емес. Мәселен Украинада көбiнесе шамшат, шамшат-грабты және грабты, емен-грабты түрлер басым, орталық Ресейде емен мен жөке, үйеңкi, шағам мен т.б. iрi жапырақты ағаштар тараған, шығыс бөлегiнде қайың көбейiп, оған бүрi жапырақты ағаштар /қарағай, самырсын/ араласады. Батыс Сiбiр алабы қайың-көктеректi шұбар орманды келедi, оның шығыс бөлегiнде қайың мен көктерекке қарағай қосылады. Орманның ашық кеңiстiктерiнде түрлi шөптесiн қалың өседi. Батыс Сiбiр мен Алтай алаптарында қарағайлы-мүктi және қияқ-өлең мен қамысты батпақтар көп тараған.

Топырақ генезисi. Сұр ормандық топырақтарды зерттеу В. Докучаев, С. Коржинский, И. Тюрин, В. Вильямс, В. Талиев және тағы басқа ғалымдар есiмдерiмен байланысты. В. Докучаев /1883/ бұл топырақты ерекше аймақтың орманды-дала жағдайында, шабынды өсiмдiктер мен iрi жапырақты ормандар астыңда, дара жаралатын типке жатқызған. ±алым пiкiрiнше ашық сұр және сұр типшелер жаралуында /генезис/ ағаштардың ықпалы басым да, шөптесiндер әсерi шамалы; керiсiнше, күңгiрт сұр типше құралуында орман ағаштарының әсерi бәсеңдеп, шөптесiндер ықпалы басым болған.

С. Коржинский пiкiрiнше /1887/ cұр ормандық тип-дара топырақ, орман ағаштарының тигiзген әсерiнен терiс өзгерген /деградация/ жаранды.

В. Талиев пен П. Крылов жорамалдарынша бүрi жапырақты тайгалы ормандық ағаштарды iрi жапырақты орман ағаштары мен шөптесiндер ығыстырғанда, астындағы шымды күлгiн топырақ бiрте-бiрте сұр ормандық типке ауысқан /проградация/. Осыған жақын пiкiрдi В. Вильямс дамытқан, яғни табиғи орманды далалық аймақ жағдайында, топырақ кескiнiнде шымдану мен күлгiндену үрдiстерi қатар жүру нәтижесiнде, сұр ормандық топырақ пайда болған. Кейiн биологиялық айналым, шымдану мен күлгiндену үрдiстерiн зерттеу деректерi В. Докучаев көзқарасының дұрыс екенiн дәлелдедi.

С. Коржинский мен В. Талиев гипотезаларының шектi маңызы бар, яғни топырақтар деградациясы орманды-далалық және құрғатыла бастаған территорияларға, ал проградациясы орманды-даланың солтүстiк аудандарына тән. Күлгiндену үрдiсi орманды-далалық аймақта бәсеңдеу, шымдануы керiсiнше, басым жүредi. Бұл ерекшелiк биологиялық айналым мен гумустену жағдайларына, жауын-шашын мөлшерiнiң азаюы мен шайылу құбылыстарының бәсеңдеуiне байланысты. Бiтiк өскен шөптесiн мен iрi жапырақты ормандарда топырақ үстiне жылбойы түсетiн органикалық түсiм мөлшерi жоғары болады: бiр гектарға 70-90 ц, оның iшiнде 50-90 кг азот пен 70-100 кг кальций.

Маусымды немесе оттегiсiз сәл жүретiн үрдiстер /анаэро-биозис/ мен жақсы жылу құбылымы азот пен негiздерге бай өсiмдiк қалдықтарын үдемелi ыдыратып, соның нәтижесiнде күрделi қарашiрiндi гумин қышқылдары түзiледi. Олардың басым бөлегi органикалық түсiм құрамындағы негiздермен бейтараптанады және топырақтағы минералдар бұзылуы /тайгалы ормандық аймақпен салыстырғанда/ тежеледi. Заттардың биологиялық айналымы мен гумустенудiң оң ерекшелiктерi топырақта гумус шоғырлануына себептеседi.

Ормандық ашық-сұр және сұр топырақтар негiзiнен орманды даланың солтүстiк бөлегiнде жеңiл аналық жыныс немесе көтерiңкi ылғалданатын үлескелерде тараған. Мұнда биоклиматтық-топыраққұралу жағдайлары /шөптесiндер аз, атмосфералық артқан түсiм мөлшерi мен кескiннiң шайылу құбылысы т. б./ сұр ормандық топырақтың күлгiнденуiне себептеседi.

Аймақтың оңтүстiк бөлегiнде көбiнесе күңгiрт сұр ормандық, қара күлгiнденген және сiлтiсiзденген топырақтар тараған.

Аймақтың климаты батыстан шығысқа қарай ызғарлануына байланысты топырақтағы органикалық заттардың ыдырау екпiнi бәсеңдеп, уақыты қысқарады. Соған орай осы бағытта сұр ормандық топырақта гумус мөлшерi артып, қарашiрiндi кескiнi жұқарады, күлгiндену үрдiсi бәсеңдеп, аймақтағы топырақ жамылғысы құрамында қара топырақтар белес алады.

Аталған үрдiстер мен құбылыстар, әсiресе бұзылу мен лессиваж үрдiстерi, сұр ормандық топырақ кескiнi қалыптасуында шешушi рөл атқарады.

Ал шығыс алаптарда /Алтай, Батыс және шығыс Саян/ аса ызғарлы климат жағдайында кеңiнен маусымды тоңданатын сұр ормандық топырақтар тараған. Бұл өңiрде қар аз түседi; қатал қыс маусымында топырақ 120-150 см тереңдiкке тоңданады, тiптi ол қазан-маусым айлары аралығында да тоңданып жатады. Сондықтан топырақта белсендi биохимиялық және биологиялық үрдiстер дамитын уақыты қысқарған, соған орай су-жылу мен қоректiк заттар құбылымы нашар қалыптасқан. Топырақ кескiнiнiң төменгi бөлегiндегi тоңды қабат үстiнде глейлену үрдiсi дамыған.

Морфологиялық /сырт/ белгiлерi және қасиеттерi жағынан сұр ормандық топырақтар оңтүстiк тайгалық аймақшаның шымды-күлгiндi, орманды дала қара топырақтары өтпелi аралық орында тұр. Дегенмен бұл аймақта шымды күлгiн топыраққа тән күлгiндену белгiлерi мен қасиеттерi бiрте-бiрте бәсеңдеп, сұр ормандық топыраққа тән қарашiрiндi түзiлу үрдiсi үстем алған. Осы қарама-қарсы екi үрдiс дамуына сәйкес сұр ормандық топырақ типi үш ашық сұр, сұр және күңгiрт сұр типшелерге бөлiнген. Ашық сұр ормандық типше белгiлерi және қасиеттерi шымды күлгiн топыраққа жақын тұрса, күңгiрт сұр типше белгiлерi күлгiнденген қара топыраққа ұқсас.

Тың сұр ормандық топырақ кескiнi мынадай: Ао-орман төсенiшi, ал ормансыз ашық жерде А-шымды жиектен тұрады; одан төмен қарашiрiндiлi жиек жатыр, оның реңi ашық сұрдан /ашық сұр типше/ күңгiрт сұр типшеге дейiн өзгередi. Сұр ормандық топырақтың сыртқы белгiлерi iшiндегi ең басты ерекшелiгi-қарашiрiндi жиегiнiң екi-үстiңгi гумустiк /А1/ және төменгi өтпелi немесе гумустық-күлгiндi /гумусты-элювилi-А2/ жиекшелерге бөлiнуi. Олардың түсi әр дәрежеде қарашiрiндiмен күңгiрттенген және қосымша күлгiндеу белгiсi бар /кварц пен далалық шпаттар майда түйiрлерi сеппесi/. Түйiрлердi жапқан гумус пен темiрдiң сулы тотықтары жоғалған. Келесi өтпелi А2 В жиек, оның астыңда шайылымды /иллювилi/ жаңғақ немесе жаңғақ-призма құрылымды В горизонт жатады. Призмалы түйiртпек қырларында қара-бурыл гумус жақпасы мен кремний тотығы ақшыл сеппесi болады. В горизонты бiрте-бiрте топырақ құраушы жынысқа /С/ көшедi. Оның 120-200 см тереңдiгiнде жiпше немесе шоғыр түрлi карбо жарандылары бар. Украина мен Орталық Ресейдiң сұр ормандық топырақ кескiнiнде карбонаттар одан да терең шайылған.

Сұр ормандық топырақтар жайында ең бiрiншi В. Докучаев "Ресей қара топырағы" /1883/ және "Нижегород губерниясы жерiн бағалау материалы" /1886/ еңбектерiнде жазған. И. Сибирцев /1895/ жiктеуiнде орманды дала топырақтары дара тип-орманның қара топырағы /орман жерi/ аталып, күңгiрт-күрең және күңгiрт-сұр деген екi типшеге бөлiнген. Кейiн Н. Сибирцев жiктеуiн И. Фрайберг, К. Глинка, С. Захаров, А. Завалишин, И. Тюрин т. б. ғалымдар толықтырған. Қазiр сұр ормандық топырақ типi, жоғарыда айтылғандай ашық сҮр, сұр және күңгiрт сұр атты үш типшеге бөлiнедi. Типшелер iшiнде кәдiмгi, қалдық карбонатты, екi гумус жиектi, шабындыға таяу, ала-құла тектер ажыратылды; сондай-ақ мына топырақ түрлерi: а) тасу тереңдiгiне қарай-жоғары таситын /100 см жоғары/, терең таситын /100 см төмен/; б) қарашiрiндiлi жиек /А11А2/ тереңдiгiне қарай: қалың қабатты /40 см қалың/, орташа қабатты /20-40 см/ және жұқа қабатты деп /20 см жұқа/ бөлiнедi. Ашық сұр ормандық топырақ аталған топырақтар арасында тым күлгiндiлiгi және қарашiрiндi жиегi жұқалығымен ерекшеленедi. Сырт /морфологиялық/ белгiлерi және қасиеттерiмен бұл топырақ шымды-күлгiн топыраққа жақын.

Сұр ормандық топырақтарда, кейiнгi типшеге қарағанда, шымдану бәсең жүредi. Ормандық күңгiрт сұр топырақ белгiлерi және қасиеттерiмен қара топыраққа жақын.

Сұр ормандық ашық-сұр және күңгірт-сұр /шабынды/ топырақтар екі мүшелі салындыда дамыған; оларға өтеылғалданған белгілер және жынысқа таяу жері жиі глейленген қасиет тән. ормандық сұр /ақшыл сұр және күңгірт сұр/ ала-құла топырақ тегі іргелі ала-құла қабатты және бұзылмалы жиі ауыр механикалық құрамды жыныстарда дамыған. Ормандық сұр глейленген топырақ сұр ормандық топырақ массивтері ішінде көтерінкі ылғалданған үлескелерінде /ойлар, беткей етектері, сәл дренді жайпақ суаралық, өте ылғалды ормандар немесе екіншілік шабындықтар астында/ қалыптасқан. Типшелері: сұр ормандық үстіртін глейлеу, ызадан глейлеу және ызадан-глейлі топырақтар; тектері: кәдімгі, тіркес глейлі, екінші гумус жиекті кермектеңген, тұтасқан, сәл бөлшектеңген /құмды/ топырақтар.

Топырақ кескiнi бойында механикалық элементтер таралуында мынадай заңдылық көрiнедi: аналық жыныспен салыстырғанда, топырақтың жоғарғы жиектерi күлгiндену мен лессиваж үрдiстермен байланысты, тозаң фракциясына тапшы келедi, әсiресе ашық сұр типшеде. Сондай-ақ иллювийлi жиекте глейлену жоғары дамыған. Тозаң фракциясындағы минералдар құрамы аморфты қосындылар /SiО2, Fe2О3/ мен балшықты /сулы слюда, вермикулит, монтмориллонит және хлорит/ минералдардан тұрады. Гранит элювиiнде (үгiндiсiнде) дамыған топырақта және каолинит кездеседi.

Жалпы қорлық талдау деректерi сұр ормандық топырақтың үстiңгi жиектерi бiржарым тотықтарға тапшы, керiсiнше кремний тотығына бай екенiн, яғни топырақ кескiнiнде күлгiндену үрдiсi артқанын көрсетедi. Бұл әрекет ашық сұр типшеде анық, ал күңгiрт сұр типшеде төмен дәрежеде бiлiнедi.

Жалпы қарашiрiндi мөлшерiмен салыстырғанда күңгiрт сұр типшеде, ашық сұрға қарағанда, шымданудың үдегенiн байқауға болады. Гумус қоры жоғарғы бiр метрлiк тереңдiкте ашық сұр типшеде 100 -150, күңгiрт сұр типшеде-300 т/га жетедi.

Батыс өңiрде ашық сұр топырақтың А1 жиегiнде гумус мөлшерi 1,5-3 процент болса, шығыста 5 процентке көтерiледi. Күнгiрт сұр топырақта гумус саны сәйкес 3,1-4 проценттен 8-9 процентке дейiн ауытқиды /8-кесте/, ал сұр типшеде 3-6 процент. Күңгiрт сұр топырақ кескiнiнде төмен қарай ол бiрте-бiрте азаятын болса, ашық сұр және сұр типшелер кескiнiнде гумус мөлшерi төмен қарай күрт төмендейдi. Шымды-күлгiн топыраққа қарағанда, сұр орман топырағының гумус құрамында кальциймен байланған гумин қышқылы басым. Ашық сұр және сұр топырақтардың А1 жиекшесiндегi гумус құрамында гумин қышқылдарынан фульвоқышқылдар, А1 А2 және В1 де соңғылардан гумин қышқылдары басым екенi дәлелденген.

Ашық сұр топырақтар негiздерiмен қанықпаған /70-80 процент/, ортасы қышқыл. Қарашiрiндi жиегiнiң негiздер сiңiру сиымдылыгы 100 г топырақта 14-18 мг-экв-ке тең; сондай-ақ иллювилi жиекте тозаңды фракция мөлшерi жоғарылаған.

Сұр ормандық топырақтың реакциясы қышқыл, бiрақ негiздермен қанығу дәрежесi ақшыл сұр топыраққа қарағанда жоғарырақ, гумус мөлшерi мен механикалық құрамына байланысты негiздер сiңiру сиымы 20-30 мг-экв-ке көтерiлген.

Күңгiрт сұр ормандық топырақтың үстiңгi жиегiнде негiздер сiңiру сиымы 35-45 мг-экв-ке жетедi де, негiздермен қанығу дәрежесi жоғарылайды.

Ормандық сұр топырақ типінің нағыз иллювийлік жиегінді көлемдік салмақ жоғары болады /1,50-1,65 г/см3/. Жоғарғы жиектің жалпы қуыстылығы жоғары /50-60 процент/, ал аталған өтпелі жиек пен аналық жыныста төмен /40-45 процент/ және қылтүтікті қуыстылық басым болған. Басқа қолайсыз физикалық қасиеттермен қатар, бұл топырақтың суөткізу қасиеті де басқа орман топырақтарына қарағанда нашар. Қара топыраққа қарағанда, сұр ормандық топырақкөктемде /бір аудан, тіпті шарушылық жағдайында/ кеш өңдеуге жетеді, яғни «піседі». Өйткені желтоқсанда, кейде қантардан бастап, топырақ кескіні жоғарғы 50-70 см тереңдікке дейін тоңданады да, тек дала жұмыстары басталар алдында /сәуір/ ғана жібиді. Кейбір жылдары орталық және батыс алаптаржа топырақ үсті кезекті тоңазып жібиді де, жоңышқа мен күздік бидай егісі суыққа ұрынып қалады. Сібірлік алапта бұл топырақтың жылу құбылымы басқаша, яғни үскурук аязды, қары аз, ұзақ қыс айларында топырақ терең тонданады да көктемде баяу жібиді. Сондықтан бұл өңірде дала жұмыстары басталуына дейін /мамыр/ топырақтың төменгі қабаттары теріс температуралы күйде. Соның салдарынан топырақтың үстінгі қабаттары баяу қызады да, микробиологиялық үрдістер мен өсімдік тамырлары дамуын тежейді. Байқалдан ары қарай ормандық сұр топырақтар /Саха/ жылдар бойы көп жылдық тоңға /3,4-4,0 м/ шалдыққан. Ормандық сұр топырақтың су құбылымы негізінен кезенді шайылмалы типке жатады. шықтану процесі қалай өтеді.екшеліктерін атап өттерінің мәні туралы мағлумат беріледі.арын сипаттап, күлгіндену, шымдану, ба

Қоректiк заттар тұрғысынан сұр ормандық топырақтар типi iшiнде күңгiрт сұр типше жоғары бағаланады; оның құрамында азот, фосфор қорлары көбiрек болғандықтан табиғи құнарлылығы жоғары болады: жалпы азот мөлшерi 0,2-0,4 процентке дейiн ауытқиды және күңгiрт сұр топырақта гидролизденетiн /жеңiл ыдырайтын/ азотпен нитраттану қаблетi жоғары болады. Ашық сұр типшеде жылжымалы азот аз.

Ормандық ашық сұр мен сұр топырақтарды мәденилендiру шараларын жыртылатын құнарлы қабатты қалыңдатуға арнау керек, оларға органикалық және минералдық тыңайтқыштарды жиi қолдану, жыртылатын қабатты тереңдету, шөп егу т. б. жатады. Солардың арқасында мәденилендiру құбылысы ормандық сұр топырақтың агрономиялық қасиеттерiн жақсартып /қышқылдылық төмендеуi, сiңiру сиымдылығының кеңеюi, негiздермен қанығуының жоғарылауы, жылжымалы азот, фосфор мен калий мөлшерiнiң артуы/, топырақтың жоғарғы қабаттарында микробиологиялық үрдiстер үдеп, Сгқ мен Сфқ арасалмағы ұлғаяды, су-ауа құбылымы мен физикалық-механикалық қасиеттерi жақсарады.

Ормандық сұр топырақтар атмосфералық түсім толық жетіспеген жағдайда қалыптасқандықтан, олардың тиімділік құнарлылығын көтеру үшін ылғал жию, қар тоқтату, ылғал булануын тежеу т.б. жұмыстар жүргізеді.

Ормандық-далалық аймақтың Еуропа бөлегінде атмосфералық түсім жоғары болғандықтан топырақ эрозияға шалдығуға бейім. Сондықтан бұл құбылысқа қарсы /егістікті көлденең жырту. Беткейлерге ағаш отырғызу, топырақ қорғайтын ауыспалы егіс игеру, тыңайтқыштар қолдану т.б./ керекті агромелиоративтік шаралар қолданылады.

Батыс Сiбiрлiк орманды даланың кермектенген /солодтанған/ топырақтарына көң, суперфосфат шашу және иллювийлiк өтпелi жиектi терең қопсыту жақсы нәтиже бередi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 982; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.