КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Детрит деген не?
Вариант Вариант Вариант 1. Экожүйе құрамындағы популяциялардың негізгі сипаттамаларын зерттейтін экологияның бөлімі: 1. глобалдық экология; 2. аутэкология; 3. синэкология; 4. демэкология; 5. геоэкология. 2. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер мен жануарлар үшін жыл маусымының ауысуы туралы айқын белгі (сигнал) болуы ықтимал: 1. топырақ пен ауаның ылғалдылық деңгейінің өзгеруі; 2. күн ұзақтығының өзгеруі; 3. топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі; 4. бәсекелестік; 5. жыртқыштық. 3. Келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер үшін ресурс болып табылмайды: 1. су; 2. минералдық тұздар; 3. күн энергиясы; 4. органикалық заттар; 5. көмірқышқыл газы. 4. Тірі қалу мөлшері дегеніміз, бұл: 1. популяциядағы бір жылғы төлдердің белгілі бір уақыт аралығында тірі қалғандарының саны; 2. нақтылы қоршаған орта жағдайында бір жыл ішінде дүниеге келген төлдердің саны; 3. нақтылы қоршаған орта жағдайында опат болған дара организмдердің саны; 4. антропогендік әрекет нәтижесінде опат болған дара организмдер саны; 5. сыртқы ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында қартайып өлген организмдердің саны.
5. Қасқыр мен түлкі бір трофикалық деңгейге жатады, - деп есептеуге бола ма: 1. иә, екеуі де шөпқоректі жануарлармен қоректенеді; 2. иә, екеуі де жеген қорегінің 10% ғана игереді; 3. иә, екеуі де құрлықта тіршілік етеді; 4. иә, екеуі де дене көлемі ірі жануарлар; 5. иә, екеуінің де абиотикалық факторларға қояр талаптары ұқсас. 6.Топырақ – биосфераның биоенжар заты, себебі. 1. өсімдіктерден құралады; 2. әктастардан құралады; 3. таскөмірден құралады; 4. өлі органикалық қалдықтардан және тау жыныстарының бөлшектерінен құралады; 5. магмалық тау жыныстарынан құралады. 7. Жер атмосферасының құрамындағы бос күйдегі оттегі қандай әрекет нәтижесінде пайда болды: 1. Организмдердің фотосинтезі нәтижесінде; 2. Жанартаулардың белсенділігі нәтижесінде; 3. Планетаның температуралық режимінің өзгеруі нәтижесінде; 4. Радиоактивті элементтердің ыдырауы нәтижесінде; 5. Редуценттердің тіршілігі нәтижесінде. 8.“Бәсекелестік” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді: 1. “- -”; 2. “+ +”; 3. “+ -”; 4. “+ 0”; 5. “- 0”. 9. Төменде аталғандардың қайсына ең жоғары биомасса өнімділігі тән: 1. ашық мұхит (пелагиаль аймағы); 2. батпақ; 3. шельф аймағы; 4. құдық; 5. шөл. 10. 10% ережесіне сәйкес тундралық экожүйе қоректік тізбегіндегі бұғылардың еншісіне “күн энергиясының” қанша пайызы тиеді: 1. 50 %; 2. 0,1 %; 3. 1 %; 4. 10 %; 5. 99 %. 11. Төменде келтірілгендердің қайсысы, адамның шаруашылық әрекеттерінің барлық түрлеріне тиым салынған, табиғат эталондарының ролін атқарады: 1. Мемлекеттік қорықтар; 2. Қорықшалар; 3. Ұлттық табиғат парктері; 4. Ландшафттар; 5. Аңшылық шаруашылықтары. 12. Биосфера деп біз: 1. Жердің сұйық күйдегі қабықшасын (гидросфераны) атаймыз; 2. Жердің қатты күйдегі қабықшасын (литосфераны) атаймыз; 3. жердің барлық экожүйелерінің жиынтығын атаймыз; 4. құрлықтық экожүйелердің жиынтығын атаймыз; 5. сулық экожүйелердің жиынтығын атаймыз. 13. Биосфераның тұрақтылығы мен біртұтастығын қамтамасыз ететін: 1. табиғи ортаға түсіп отырған антропогендік салмақ; 2. теріс байланыс механизмдері; 3. адамның шаруашылық іс-әрекеті; 4. әлемдік ақыл-ой; 5. күн жүйесіндегі планеталардың өзара әсерлесуі. 14. Қышқыл жаңбырлардың түсуінің нәтижесінде: 1.фотосинтез процестерінің қарқыны артады; 2.планетадағы биологиялық әралуандылық артады; 3.ортаның рН көрсеткіші күрт артады; 4.туылым артады; 5.топырақ жамылғысы қышқылданады. 15. Экожүйенің негізгі қасиеттеріне жатпайды; 1.химиялық элементтердің айналымы; 2.сыртқы әсерлерге қарсы тұруы; 3.биологиялық өнім өндіру; 4.биологиялық алуан түрліліктің арттыру; 5.климаттың глобальдық деңгейде өзгеруі. 1. Қауымдастық ішінде болатын түр аралық бәсекелестікті зерттейтін экологияның бөлімі: 1. глобалдық экология; 2. аутэкология; 3. демэкология; 4. синэкология; 5. геоэкология. 2. Организмнің тәуліктік жарықталу ырғағына жауап реакциясы қалай аталады: 1. өзгергіштік; 2. фотопериодизм; 3. тыныс алу; 4. фотосинтез; 5. тұқым қуалаушылық. 3. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор: 1. күшті желдер; 2. аудан бірлігіне келетін күн радиациясының мөлшері; 3. жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері; 4. бәсекелес түрлердің қарсыласуы; 5. ауанық химиялық құрамы. 4. Бақылау басталған кезде (Nо) туфелька инфузорияларының саны 100 мың дара болғаны белгілі, ал бір тәуліктен соң ( 1.250 000; 2. 50 000; 3. 1,5; 4. 15000000; 5. 0,8. 5. Төменде келтірілгендердің қайсысы детриттік қоректік тізбекке жатады? 1. мүк, бұғы, қасқыр, қарға, бактериялар; 2. фитопланктон, зоопланктон, мұртты кит, шағала, бактериялар; 3. жоңыршқа, шегірке, қара торғай, сұңқар, өлексе шыбындары; 4. дән, егіс тышқаны, жапалақ, түлкі, өлексе қоңыздары; 5. қураған жапырақ, жауын құрты, топырақ бактериялары. 6. Қазақстандағы Семей полигоны қандай үкіметтік емес ұйымның белсенді қызметі арқасында жабылды? 1. «Арал» 2. «Жасылдар партися»; 3. «Табиғат» 4. «Невада - Семей»; 5. «Гринпиис». 7.Төменде келтірілген факторлардың қайсысы шөл жағдайында шектеуші қызмет атқарады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңда. 1. желдің күші мен атмосфералық ауаның мөлдірлігі; 2. ылғалдылық пен температура; 3. бәсекелестік қарым-қатынастар және жел; 4. атмосфералық қысым мен паразитизм; 5. жыртқыштық пен симбиоз. 8.“Комменсализм” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді: 1. “- -”; 2. “+ +”; 3. “+ -”; 4. “+ 0”; 5. “- 0”. 9. Консументтердің экожүйедегі ролі мынадай: 1. фотосинтез барысында жарық энергиясын фиксациялау; 2. өлі органикалық заттарды ыдырату; 3. энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау; 4. атмосферадағы оттегі қорын толықтыру; 5. шайынды суларды тазарту. 10. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады: 1. өндірістің улы қалдықтарын көму; 2. қоршаған ортаның биологиялық ластануы; 3. сапасы төмен көмірлерді отынға пайдалану; 4. қышқыл жаңбырлар; 5. атом электр станцияларын салу. 11. Қандай түрлер космополит түрлер деп аталады: 1.адам мекенінің маңайынан өте қолайлы жағдайлар тапқан түрлер; 2.барлық құрлықтарды мекендейтін түрлер; 3.тек аридті (шөлейтті) жағдайда ғана тіршілік ете алатын түрлер; 4.орта температурасының қоңырсалқын болуын қалайтын түрлер; 5.биік тауларды мекендейтін түрлер. 12. Биосферадағы тіршіліктің вертикаль бағытта таралуы: 1. 1 км; 2. 5 км; 3. 33 км; 4. 150 км; 5. 200 км. 13. В.И.Вернадскийдің тұсінігі бойынша ноосфера дегеніміз: 1. биосферадан жоғары орналасқан жердің жұқа қабықшасы; 2. гидросфераның терең қабаттары; 3. Жердің озон қабаты; 4. адамның ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде өзгерген биосфера; 5. Жердің барлық геосфера қабаттарының жиынтығы.
14. Озон қабатының бұзылу нәтижесі мынадай болуы ықтимал: 1.биологиялық әралуандылық кемиді; 2.биологиялық әралуандылық артады; 3.жердің энергетикалық ресурстарының қоры артады; 4.жер бетіндегі омыртқалылардың саны көбейеді; 5.глобалдық салқындау басталады. 15. Литосфера мен стратосфефраның шекарасында орналасқан озон қабаты: 1. Жер бетінен таралған жылу сәулелерін тежейді; 2. Ультракүлгін сәулелерден қорғайтын шымылдық қызметін атқарады; 3. Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы нәтижесінде пайда болған; 4. Атмосферадағы ластаушы заттарды ыдыратады; 5. Жер климатын қалыптастырады.
1. Тірі организмдер қауымдастығындағы “жыртқыш-жемтік”қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі: 1. глобалдық экология; 2. аутэкология; 3. демэкология; 4. синэкология; 5. геоэкология. 2. Организмдегі өтіп жатқан физиологиялық процестердің тәулік мезгіліне және жыл маусымына сәйкес келуінің басты себебі: 1. абиотикалық факторлардың шектеуші (лимиттеуші) әсері; 2. организмнің өзінің ішкі ортасын өзгеріп отыратын сыртқы ортаға ілесе қайта құруға қабілеттілігі; 3. паразиттерінің, жыртқыштардың, бәсекелестерінің белсенділігі; 4. генетикалық жолман бекітілген ішкі "биологиялық сағаттың" болуы; 5. аталған құбылыстардың кездейсоқ сәйкес келіп қалуы. 3. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор: 1. күшті желдер; 2. аудан бірлігіне келетін күн радиациясының мөлшері; 3. жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері; 4. бәсекелес түрлердің қарсыласуы; 5. ауанық химиялық құрамы. 4. Ерекше қорылатын табиғи территориялар қатарына не жатады: 1. қаланың саябақтары; 2. аквапарктер; 3. саяжай танаптары; 4. мемлекеттік қорықтар; 5. қалалық қоқыс төгу алаңы. 1. түпкі тау жынысы; 2. су табанындағы қара балшық; 3. топырақ құрамындағы органикалық зат; 4. өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары; 6. Биосфераның тірі затына не жатады: 1. шөгінді жыныстар; 2. мұнай; 3. тас көмір; 4. магмалық тау жыныстары; 5. вирустар. 7. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы ормандағы шөптесін өсімдіктер үшін шектеуші фактор болып табылады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңда. 1.ылғалдылық және жел; 2.жел және температура; 3.температура және атмосфералық қысым; 4.күн сәулесі мен ағаштар; 5.атмосфералық қысым және жыртқыштар.
8.“Симбиоз” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді: 1. “- -”; 2. “+ +”; 3. “+ -”; 4. “+ 0”; 5. “- 0”. 9. Төмендегілердің қайсысы экологиялық тұрғыдан қауіпті энергия көзі болып есептеледі: 1. Мұхит суының көтерілу және лықсып кері қайту энергиясы; 2. Дизельді двигатель; 3. Жел энергиясы; 4. Күн батареялары; 5. Жерасты ыстық суларының энергиясы. 10. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалардың бірі болып есептеледі: 1. өндірістің улы қалдықтарын көму; 2. озон қабатының жұқаруы; 3. жаңа технологияларды іске қосу; 4. ИНТЕРНЕТ желісінің таралуы; 5. көп қабатты ғимараттар салу. 11. Бір орманда тіршілік етіп жатқан аққоян және орқоян қандай қатынаста болып есептеледі: 1. бір түрдің бір популяциясы; 2. бір түрдің екі популяциясы; 3. екі түрдің екі популяциясы; 4. екі түрдің бір популяциясы; 5. бір түрдің үш популяциясы. 12. В.И.Вернадский «биосфера» деп нені атаған: 1. адам қолымен жасалған жасанды сфераны; 2. организмдердің тіршілік ету сферасын; 3. Құс жолын; 4. Күн жүйесін; 5. Галактикалық жүйені. 13. Ноосфералық тұжырымдаманың (концепцияның) негізгі қағидаларының бірі – бұл: 1. тірі организмдер эволюциясының шырқау шегі - прокариотты организмдер; 2. адамзаттың келешегі жоқ, 3. адамзат биосфераны қиратып тынады; 4. эволюцияның қозғаушы күші табиғи сұрыпталу болып табылады; 5. адамзат – орасан зор геологиялық күш. 14. Жердің ең үлкен экожүйесі: 1.Әлемдік мұхит; 2.Биосфера; 3.Кавказ таулары; 4.Сахара шөлі; 5.Тундра. 15. Атмосферада көмірқышқыл газының, күл мен шаңның жиналуына байланысты пайда болған «жылыжай эффекті»: 1. Жердегі орташа температураның жоғарылауына және климаттың жақсаруына әкеліп соғады; 2. Атмосфераның мөлдірлігін төмендетеді, ақыр аяғында климаттың суынуына әкеліп соғады; 3. Жердегі орташа температураның жоғарылауына және биосферадағы жағымсыз өзгерістерге әкеліп соғады; 4. Биосфераның орнықтылығына септігін тигізеді; 5. Биосферада айтарлықтай өзгерістер тудырмайды.
Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 2262; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |