Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зигомицеттер класы (зигомицеты) – zygomicetes




ООМИЦЕТТЕР КЛАСЫ (ООМИЦЕТЫ) – OOMYCETES

Бұл класқа 300-дей түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтарынан (гифалардан) тұрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Өмірінің көп бөлігі гапплоидты жағдайда өтеді. Жынысссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралары арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы. Зиготасы диплоидты. Ол өскен кезде мейоз процесі жүреді. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі сулы ортамен байланысты.

Фитофтора (Phytophthora infestans) –картоптың жапырағында өмір сүретін паразит (153-сурет). Мицелиі жапырақтың мизофиліне еніп жатады. Гифалары (жіп шумақтары) клетка аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері (емшекшелері-присоски) арқылы клеткалардың ішіне енеді және олардың өлуін жетелдетеді. Устьица қцысы арқылы сыртқа шығып тұратын гифалардың ұштары зооспорангия сабағы болып табылады. Олар бұтақтанып өседі және ұштарында зооспорангийлер жетіледі. Осы зооспоррангийлер спорнагия сағақтарынан бөлініп, картоптың жапыраөтарына барып түседі. Содан соң олар жапырақтың ұлпасына устьица қуысы арқылы өтіп, не жаңа гифалар береді, не болмаса (су ташысы болған жағдайда) зооспораға айналады. Зооспоралар зақымданбаған жапырақтарды зақымдауға қабілетті болып келеді. Зооспоралар арқылы көбеюдің қарқындылығы зооспорангийлермен көбеюге қарағанда көп жоғары болады. Зооспорангийлері немесе зооспоралары топыраққа түсіп, картоптың түйнектерін зақымдайды. Жыныстық көбеюі тек осы саңырауқұлақтың шыққан жерінде – Мексикада ғана белгілі. Ол осы саңырауқұлақтың иесі болып табылатын өсімдіктен тыс жерде топырақта жүреді. Гифаларында оогонийлері мен антеридийлері жетіледі. Оогониінің формасы шар тәрізді боп келеді,оның ішінде жұмыртқа ядролы клеткасы жетіледі. Антередийі бар гифа оогонийге қарай өседі. Антередийдің өскіндері поралары арқылы оогонийдің ішіне өтіп жқмыртқа клеткасына жетеді. Нәтижесінде антередийдің ішінлегі затының бір бөлігі, бір ядросы мен жұмырқа ядросына қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып, ооспораға айналады. Тыныштық кезеңді басынан өткізген соң ооспора мейоз жолымен бөлініп, зооспорангия түзетін гифаға айналады. Ооспоралар мен мицелийлері өсімдіктің қалдықтарында және түйнектерінде қыстап шығады. Зақымдануы топырақ арқылы және түйнектері арқылы жүреді.

Бұл класқа 400-дей түр жатады. Олардың мицелиі біртұтас, перделерге бөлінбеген болып келеді. Гифаларының қабақшаларында хитин болады.Жынысссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе кандийлер арқылы жүзеге асады.Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі.

Негігі өкілдерінің бірі мукор (Mucor mucedo). Ол нанда, көкөністерде, жылқының тезегінде, көнде және басқа да көптеген органикалық субстанттарда сапрофит ретінде өседі (154-сурет).Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген,ерекше бұтақталған,көп ядролы болып келеді. Жынысыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір-бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелий (гетеротальді) қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-қарсы бағытта өседі де, ұштары жуандап түйіседі. Алайда олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады.пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт тыныштыұқ кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангилер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.

Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді, оларды оидии деп атайды. Оидии қалың қабықшамен қапталады да келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.

153-сурет. Фитофтораның өмірлік циклі:

А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-фитофторамен зақымданған картоптың жапырағы мен түйнегі; 2-конидия және оның өсуі; 3-зооспорангилар және олардан споралардың шығуы; 4-зооспора; 5- зооспораның жапырақта жіне түйнекте өсуі; 6-оогоний мен антеридий; 7-оогамия; 8-ооспораның түзілуі; 9-ооспораның өсуі.

154-сурет. Мукордың өмірлік циклі:

А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-гетеротальды мицелилер; 2-споралар; 3-спораның өсуі; 4-гиметангилердің тіркесуі; 5-зигота және оның өсуі; 6-спорангия сабағы; 7-спорангилер; 8-ілекер (подвеска).

ҚАЛТАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР НЕМЕСЕ АСКОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ (СУМЧАТЫЕ ГРИБЫ ИЛИ АСКОМИЦЕТЫ) –ASCOMYCETES

Қалталы саңырауқұлаққтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистий) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дені (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың жіне адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.

Көбеюі. Жыныссыз көбеюікондиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников) бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ, оның диплоиды ядросы бірден мейоз жолымен,содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесіндесегіз гаплоидты аскаспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы-архикарп және аталық жыныс органы – антеридий деп аталынады (155-сурет). Архикарп екіклеткадан тұрады: төменгі бүйірленген – аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді – трихогинадан. Антеридий – бір ғана цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (мүше) әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстінгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегізаттары архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығуы тегі әртүрлі болып келетін ядролары аксогенді (аналық) антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Осы жағдайдан соң аскогенді тарамдалған аксогендік гифалар кетеді. Олардың ішінде дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Әрбір аксогендік гифаның ішінде бір ғана диакрион болады. Жыныстық прцестің аяқталу кезеңінде аксогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде диакриондардың ядролары қосылады да зигота түзіледі. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар – аскаспоралар пайда болады. Аскогенді гифалардың ұш жағындағы аскаспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады.

155-сурет. Қалталы саңырауқұлақтардың жыныс процесі:

А-аскаспора; Б-гаплоидты мицелий;В-жыныстық көбею органы;Г-антеридий мен трихогинаның бірігуі, протопластыңаскагонға өтуі,дикарионның түзілуі;Д-аскогендік гифалардың түзілуі;Е-аскогендік гифалардың ұшында қалтаның түзілуі;Ж-аскоспораның түзілуі;М-мейоз:1-аскогон; 2-трихогина (1-2-архикарп); 3-антеридийлер; 4-аскогендік гифа;5-зигота;6-қалта аскоспорасымен.

Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі фаза (кезең) алмасып келіпи отырады: гаплоидты (циклдың көптеген бөлігі), дикаронды және өте қысқа диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар - парафиздер болады. Олар қалталарды бір - бірінен бөліп тұру үшін қажет,сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін. Аскалар мен (қалталар) парафиздер гимениалды қабатты немесе геминийді түзеді. Аскомицеттердің гимениалды қабаты жалған ткань - плектенхимадан тұратын жемісті денелерінде орналасады.

Құрылысты қарапайым болып келетін қалталы саңырауқұлақтарда жемісті дене түзілмейді, қалта бұлрада аскогенлік гифалардан тұратын мицелидің кез- келген жерінен пайда болады.

Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер) үш кластармағына бөлінеді: гемиаскоцеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицеттер.

Гемиаскомицеттер кластармағы - Hemiascomycetidae

Бұл кластармағының өкілдерінің жемісті денесімен гимениалды қабаты болмайды. Қалталары мицелийдің клеткаларында жетіледі. Кластармағының кең таралған және ең маңызды өкілдерінің бірі ашытқы саңырауқұлағы (Saaccharomyces cerevisiae). Бұл түр мәдени жағдайда ғана белгілі (156-сурет) (сыра ашытуға, нан пісіруге жіне спирт алу үшін қолданылады.

Табиғи жағдайда кездесетін түріне шарап ашытқысы (S.ellipsoideus) жатады.

Ашытқы саңырауқұлағының бұл түрі спирттік ашу туғызады,нәтижесінде глюкоза шараптық спиртке айналады және көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Сондықтан да оны шарап ашыту үшін пайдаланылады. Ашытқы саырауқұлағының талломасы бір клеткалы болып келеді. Вегетативтік көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. (157-сурет). Қолайлы жағдайда оның тез жүретіндігі сонша тіптен бір-бірінен клеткалары ажырап үлгермейді. Бір тәуліктің ішінде мұндай клеткадан миллиондаған ұрпақ пайда болады. Жыныстық көбеюі қолайсыз жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда ядромейоз арқылы бөлінеді де, клетка төрт гаплоидты аскаспорасы бар қалтаға айналады. Аскаспоралары біраз уақыттар бойы бүршіктену арқылы көбейеді, содан соң екеу-екеуден жұптасып бірігіп диплоидты клеткаға айналады. Мұндай диплоидты клеткалар ұзақ уақыттар бойы бүршіктену арқылы көбейеді.

156-сурет. Сыра ашытқысы (сызба-нұсқасы):

1-ядро; 2-митохондрия; 3-вакуоль; 4-аппарат Гольджи;5-эндоплазматикалық тор;6-бөлініп шығатын көпіршіктер;7-шыны май тамшылары; 8-плазмолемма; 9-қабықша (стенка);10-бүршіктену арқылы бөлінген клеткалардың ізі; 11-фагосомалар; 12-пиноцитозды көпіршіктер; 13-липидтік қосымша заттар;14-сеграциялықтүйіршіктер;15-бүршіктенудің бастамасы.

15 7 -сурет. Сыра ашытқысының өмірлік циклы:

А-бүршіктенуі;Б-жыныс процесі;М-мейоз:1-вегетативті особь; 2- 3-бүршіктенуші клеткалар;4-5-аскостромада қалтаның түзілуі;6- аскоспоралардың бүршіктенуі.

 

Эуаскомицеттер клас тармағы – Euascomycetidae

Ең үлкен кластармағы. Негізгі белгісі – жемісті денемен гимениальды қабат түзуінде. Жемісті дененің үш түрі бар (158-сурет).

1. Клейстотеций – тұйықталған, шар тәрізді жемісті дене, қалта оның ішінде көбінесе ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабықшасының жыртылуының нәтижесінде сыртқа босап шығады.

2. Перитеций – құмыра тәрізді жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене, оның түбінде гимениальды қабаты болады. Қалта осы қабатта шоқталып орналасады. Спора піскен кезде жемісті денесінің түбінен қалта көтеріліп, құмыраның мойнына келіп ашылып, аскаспораларын шашады. Бос қалта жемісті денесінің түбіне қайта түседі де, оның орнын жаңа қалта басады.

3. Апотеций – ашық, көбіне табақша тәрізді жемісті дене, гимениальды қабат оның үстінгі жағында орналасады. Қалта осы қабатта жеміссіз жіпше – парафиздермен кезектесіп орналасады.

Кең таралған өкілдерінде пеницилл, қастауыш, сморчок т.б. жатады.

Пеницилл (Penicillium) туысы бүлінген тағамдарда, су тиіп ылғалданған нанда, көкөністерде (овощах) өседі (159-сурет). Пенициллдің гифалары бірнеше бөліктерге бөлініп тарамдалған жіпшелерден тұрады, олардың әрқайсысының ішінде бір–бірден ядросы болады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады. Конидия сағағы көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді. Олардың жоғары ұшы кисточка тәрізді болып тарамдалған болады. Сағақтың стергим деп аталатын бұтақшасынан конидийдің тізбегі кетіп жатады. Жаңа пайда болған конидийлері тізбектің түп жағында, ал бұрын пайда болғандары (пісіп–жетілгендері) – оның ұш жағында орналасады. Бөлініп шыққан кондийлері ауаның ағынымен өсуге қолайлы жерге барып түседі де жаңа мицелий түзеді. Пеницилл жыныстық жолмен өте сирек көбейеді. Жемісті денесі клейстотеций.

Бұл саңырауқұлақты пеницилин антибиотигін және сырлардың кейбір түрлерін алу мақсатында арнайы өсіреді. Пенициллин көптеген ауру туғызатын бактериялардың тіршілігін тежейді немесе оларды жояды. Мысалы өкпегеғ ортаңғы құлаққағ тамаққа суық тигенде жіне басқа да ауруларға оны жиі пайдаланады.

158-сурет. Эуаскомицеттердің жемісті денесі:

А –клейстотеций; Б–перитеций; В–апотеций.

159–сурет. Пенициллдің өмірлік циклы:

А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-мицелий; 2-конидия сағағы; 3-стеригма; 4-конидия; 5- конидийдің өсуі; 6-аскогон; 7-антеридий; 8-клейстотецияның түзілуі; 9- клейстотецияның бір бөлігі;10-қалта аскоспорасымен; 11-аскоспоралар.

 

Қастауыш (Claviceps purpurea) – қарбидайдың және көптеген астық тұқымдастардыңпаразиті (160-сурет). Осы өсімдіктердің масақтарында дәннің орнына бірнеше мицелийлердің тығыз өрімделуінен құралған, (плехтенхимадан тұратын) қарауытқан қызғылт түсті қастауыштың склероцийлері (мүйізшесі) пайда болады. Оның шет жағындағы гифаларының қабықшалары керісінше жұқажәне олардың ішінде артық қор заттары (май тамшылары және гликоген) жиналады. Склероцийлері топырақта қыстап шығады да, астық тұқымдастары (қарабидай) гүлдей бастаған кезде өседі. Олардың үстінде жіңішке ұзын сағақтың басында шорланып шоқпарланған стромалар пайда болады. Строманың бетінде, үстінде арнайы тесіктері бар бүртіктер (перитецийлер) қалыптасады. Перитецийлердің ішінде ұзынша лента тәрізді қалталар пайда болады, ал әрбір қалтада сегізден жіңішке аскаспоралар жетіледі. Пісіп жетілген аскаспоралар сыртқа шашылып қарабидайдың гүлдеп тұрған масағына түседі де өседі. Олардан гүл түйінінде мицелий пайда болады. Осы мицелийлерден кондийлер бөлініп шығадығ ал оларды насекомдар (құрт-құмырсқалар) бір масақтан екінші масаққа тасиды. Саңырауқұлақтың мицелийі масақтың үстіне тәтті шырындар бөліп шығарады, сол себептен де оған насекомдар үйір келеді. Кондий өсе келе гүл түйініне өтіп мицелий түзеді. Мицелийлер күзге қарай қатайып жаңа склероцийға айналады. Склероцийдің үстінде өз тіршілігін тоқтатқан гүл түйінімен аналықтың мойны қалып қояды. Ал склероцийдің бойына артық қор заттарымен улы зат – эрготин жиналады.

Сморчок телпекшесі (Verpa bohemica) – сапрофит ретінде өмір сүретін саңырауқұлақ (161-сурет). Ол орманда көктемде жер бетінен қар кетісімен пайда болады. Мицелийі жердің астында болады, ал жердің бетіне жемісті денесі – апотецийі шығады. Жемісті дене цилиндр тәрізжі сағаққа орналасқан диаметрі 3–5 см болатын, қоңыр түсті, конус формалы телпекше. Телпекшенің сырты көп қыртысты (моршинистая), оның үстінгі бетіне перпендикуляр орналасқан ұзынша қалталардан тұратын гимениальды қабаты болады. Әрбір қалтада цитоплазмалық массаның – сопақша болып келген үлкен аскаспоралары болады. Қалталардың арасында гимениальды қабатқа серпінділік беретін парафиздері болады. Қалталар пісіп - жетілген кезде эпиплазмадағы гликоген қантқа айналады, соған байланысты олар бойына су тартады. Одан

160–сурет. Қастауыштың (спорыньяның) өмірлік циклы: А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-мицелий; 2-қастауышпен зақымданған мақсаттағы ұнтақ дақтар(медвяная роса); 3-кондия сағағы кондиясымен; 4- конидийдің өсуі; 5- қарабидайдың масағы склероциясымен; 6-тірсегі бар шоқпарбас стормасы мен өскен склероций; 7-жыныстық процесі; 8-сторма (тікесінен жасалған кесінді); 9-притеций аскаларымен;10-қалта жіп тәрізді аскоспораларымен; 11-аскоспра және оның өсуі.

161–сурет. Сморчок телпекшесі:

А-жемісті дене аптеций; Б-гимениалды қабат: 1-қалта; 2-аскаспора; 3-парафиздер.

162–сурет. Базидиоциттердің жыныс процесі (сызба-нұсқасы): А-базидиоспора; В-самотагамия; Г-дикариондыгифалардың өсуі;Д-базидийдің түзілуі; М-мейоз: 1-базидия; 2-базидиоспора; 3- жемісті дене.

әрі қалтаның ішінде тургор қысымы артады, нәтижесінде қалтаның жоғарғы жағында пайда болған тесіктен аскаспоралар үлкен күшпен сыртқа 30 см жерге атылады. Қолайлы жағдай туған кезде аскаспоралар өсіп жаңа мицелийлер береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 6357; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.