Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БЕКІТЕМІН 9 страница




Жоғарғы атқару билігі: ҚР Президенті мен Үкіметіне беріледі.

ҚР Орталық атқару органдары: министрліктер, агенттіктер, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ведомствалар, жергілікті атқару органдары.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың басты негізгі талаптары ҚР Конститутциясында қарастырылған (33-бап). Сонымен қатар 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңынан.Қазақстан Республикасының өзге де норматиатік-ұқықтық актілерінен тұрады.Аталған Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметтердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастарының реттелуін анықтайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметі- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамып\на кірмейтін, мемлекеттік органдар тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттілік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік –құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелге құрылымдық бірлігі; мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлкеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметі атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Лауазымды адам – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінң міндеттерін жүйегеасыратын немемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық- өкім берушілік немесе әкімшілік- шаруашылық қызметтерді орындайтын адам лауазымдық өкілеттік – заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттілік.

Мемлекттік әкімшілік қызмет санаты - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымды өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығыныңмсаралаушылық сипаттамасы.

Біліктілік талаптары - мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.

Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалуы (сайлануы),босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ «Меелекеттік қызмет турулы»Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сқтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:

1) ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс;

2) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;

3) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Тәртіптітік жазаны лауазымдық өкілеттігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданылады. Жасағаны үшін заңда өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшін қолдануға болмайды. Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық актілермен белгіленетін тәртіппен қолданылады.

Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.

7- ші дәріс. ҚР Азаматтық құқық

1. Азаматтық құқық туралы түсінік.

2. Пәні, әдістері, азаматтық құқықтық қатынастар, азаматтық заңдар.

3. Азаматтық құқық объектілері мен субъектілері.

4. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік.

5. Мәміле, нысаны.

 

Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді.

Азаматтық құқық - тараптардың арасындағы дербес және заңды теңдік жағдайында реттелетін, олардың бір –біріне бағынбауына негізделетін ақша-тауар қатынастарын, мүліктік қатынастарды және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығ.

Азаматтық құқық мына қатынастарды реттейді:

- Тауар- ақша қатынастары; мүліктік қатынастар; мүліктік емес жеке қатынастар

- Отбасылық, еңбек қатынастары,

- табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар (тиісті құқық салаларымен реттелмеген жағдайда)

Азаматтық құқық екі жүйеден: 1. жалпы (азаматтық құқықтың мақсат міндеттері, оларды қорғаудың тәртібі мен әдістері, азаматтық құқықтың субъектілері мен объектілері, мәміле, өкілдік т.б.) 2. ерекше бөлімі (біртекті қатынастарды реттейтін нормаларды топтайды: жекеменшік, төлиелік құқығы, санаткерлік құқық, мұрагерлік т.б.)

Азаматтық кодекс жалпы бөлімі 1994.12.27 желтоқсан; ерекше бөлімі 1999.1.07.

Азамттық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Матариалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтын, азаматық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқық реттеудің негізгі объектісі болады.

Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматық құқықпен жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастармен айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін ҚР «Банкроттық туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», Сақтандыру туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңдар бар.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықты татынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, содай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады.

Мүліктік жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқытар мен басқа да мүлік жатады.

Азаматтың құқықтық қабілеттілікдегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кежден бастлып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз азамат Қазақстан Республика шегінде де, одан тфс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп –тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ -, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтармен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.

Адамдар өз өміріне және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді.

Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттіе тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық әрекет қабілеттілік 18 жастан пайда болады.

Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді;

- он төрт жасқа толмағандар;

- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықтв күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар тадысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті келісімді жасауға хақылы.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық бклгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен жүзеге асыра алады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсіодеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт беолгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсаттытүрде бағытталатындығы көрнеді. Бұндай мақсат жоқ әрекет-қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдалары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміленің түрлері:

- Бір жақты мәміле дегеніміз заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болып табылатын мәмілені айтамыз.

- Көп жақты мәміле-екі не оданда көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін

- Екі жақты мәміле-екі жақтың еркі мен келісімі міндетті болып табылады.

- Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сиықты түрпішіндерде болады.

 

8-ші дәріс. Нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері

1. Кәсіпкерліктің дамуын құқықтық реттеу

2. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, түрлері.

3. Шағын, орта және ірі бизнес субъектілері

4. Жеке кәсіпкерлік сипаттамасы және мемлекеттік қолдау

 

ҚР нарықтық қатынастарды жедел дамытудың бірден –бір көзі- кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік: экономиканың өсуіне, базарды жаңа тауармен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орнының ашылуына, тұрмыстың жақсаруында үлкен рөл атқарады.

2006 жылы 31 қаңтарда қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы»заң бойынша:

Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъекттілерінің кіріс алуына бағытталған. Олардың өздерінің меншігіне негізделген және олардың атынан, тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызмет.

Нарықтық жүйе бірнеше мындаған жылдар бойы натуралдық шаруашылық біртіндеп ыдрау нәтижесінде қалыптаса бастады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

- жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлға

- ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

- шағын кәсіпкерлік субъектілері

- орта кәсіпкерлік субъектілері

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрмаған, жұмысшыларының орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны заңда көрсетілген 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектісі болады.

Заңдық тұлға құрмаған, жұмысшыларының жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жұмысшыларына және жеке табысы заңда белгіленген 325 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектісі болады.

Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын,жұмысшыларының орташа саны 250 адамнан артық және жалпы табысы заңда белгіленген 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен асатын заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектісі болады.

Дара кәсіпкерлік - өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа,қызметке) сұранымды қанағаттандыру арылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс – мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік азаматтардың өздерінің немесе мемлекеттік емесзаңды тұлғалардың меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлкеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамшылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай – ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі негізінде, сондай – ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:

1. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

2. шаруа шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзегеасырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3. кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызметтуралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

Жеке кәсіпкерлік үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайда жұбайының келісімі қажет болады.Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік-құқықтық негізде реттеп отырады.

 

9-шы дәріс. Меншік құқығы. Міндеттемелер туралы. Мұрагерлік.

1.Меншік құқығы туралы түсінік

2.Меншік нысандары,түрлері

3.Ортақ меншік., түрлері.

4.Міндеттемелер, олардың орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

5.Шарт туралы түсінік

6.Мүрагерлік құқықтың негізгі ережелері

Меншік- бұл адамның өзіне тиесілі затқа өз мүлкіндей қарауы,ол қатынас сол мүлікті иеленуден, пайдаланудан, билік жүргізуден тұрады. Меншік құқығы объективтік және субъективті мағынада түсініледі. Объективті мағына бойынша меншік құқығы өндіріс құрал – жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы. Субъективті мағынада: белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып саналады.Меншік иесіне иелену, пайдалану, билік ету құқығы беріледі:

1.Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі.(мемлекет жерге, оның қойнауына ие бола алады)

2.Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың,одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

3.Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтауы.(сату,айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, т.б)

Заттық құқықтар меншік иесінің экономикалық қатынастарын жүзеге асырудың құқықтық нысандарының бірі.

Адамдардың заттық құқықтарына: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел басқару және басқа да заттық құқықтары жатады.

Ортақ меншік құқығы – мүліктің бір немесе бірнеше азаматқа тиесілі болуы. Оның екі түрі бар: үлестік және бірлескен (ерлі-зайыптылардың, шаруа қожалығының т.б.)

ҚР меншіктің екі нысаны бар: 1. жеке меншік- азаматтардың, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен олар құрған бірлестіктердің, діни ұйымдардың меншігі. Заң құжаттарына сәйкес азматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншік болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

2. мемлекеттік меншік. ҚР мемлекеттік меншік құқығының субъектісі – ҚР болып табылады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығын жүзеге асыру ҚР атынан белгіленген тәртіп бойынша Парламентке жүктеледі кей жағдайда үкіметке берілуі мүмкін. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады

Мемлекеттік меншік: 1. Республикалық:

- қазына (ҚР бюджет қаражаты, алтын валюта қоры, жер қойнауы мен байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі)

- заңда бекітіліп берілген мүліктер

2. Коммуналдық:

- жергілікті қазына

- заң құжаттарына сай заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктер.

Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына: жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.

Меншіктік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады: меншік иесі меншік құқығын тануды және өзінің заңсыз иаленген өз мүлкін талап ете алады; адал алушыдан мүлікті талап етіп алдыра алады (ұрланған мүлікті сатып алушыдан т.б.); Қазақстан Республикасы меншік құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған жағдайда, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеу арқылы; меншік иесінің құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын өкімет, басқару органдары мен лауазымды құжаттарының жарамсыздығын тану арқылы жәнке т.б.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 646; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.081 сек.