КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
D) мышления к бытию 2 страница
1. Якобсон мен Греймастардың әдебиеттің құрылымын лингвистикалық сипаттақұрастыруға талпынайық; 2. Нарратологияның немесе баяндау туралы ілімнің дамуы, яғни мәтіннің баяндалуындағы құрамдас бөліктерін анықтау,бастапқы негізгі мәтіндердің құрылымы мен оларды үйлестіру ережелерін сипаттау; 3. Бұрын жазылған әдеби шығармалар мен әртүрлі мәдени жүйелер арасындағы әртүрлі кодтарды зерттеу, яғни осы кодтардың нәтижесінде ғана көркем шығарма маңызы артады; 4. Көркем шығарманы тұтынудағы оқырманның орнын зерттеу, сонымен қатар,әдеби шығарманың оқырман көңілінен шығуы немесе олардың ойларындағыдай болмауы туралы қарастырылады. Әдеби ағымдар мен бағыттар әдеби дамудың бет-бағдарын,табиғатын анықтауда маңызды орынға ие. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер тарихы әдебиеттің зерттелу тарихынан хабар береді. 57. Аллюзия және оның түрлері Жағдаятты астарлы мәтін тарихи немесе әдеби болуы мүмкін, яғни оқырманның есіне прецедентті немесе тарихи фактілерді, оқиғаларды түсіреді. Жағдаятты (кейде ассоциативті де) астарлы мәтін құралдарының бірі аллюзия (фр. аllusiоn – әзіл, ым-ишара, кекесін) – мәтіннің адресатқа белгілі өткендегі немесе әдеби шығармалардағы сөздермен, тұрақты сөйлеу тіркестерімен шендесетін стилистикалық фигура. 58-сұрақ.Автор: нақты автор және имплецивті автор. Автор бейнесі. Нақты автор – көркем туындыны жасаушы. Мысалы, «Тұйық» романының авторы – Қалихан Ысқақ немесе «Қан мен тер» романының авторы – Әбдіжәміл Нұрпейісов.
Имлицивті автор немес автор бейнесі – оқып отырғанда оқырман санасында пайда болған ұғым. Әдеби туындының авторы тұтас туындыға қатысты болады, бүтіндей мазмұннан оған бөлінген ешқандай мезет жоқ. Автор сол бөлінбеген мезетте, яғни мазмұн мен форманың тығыз тұтасуы сәтінде көрінеді. Әдебиеттану бүкіл мазмұннан бөлінген тұстан – яғни дүниетаным, өмірбаян, уақыты анықталған адамнан авторды іздейді. Осыған сәйкес “автор бейнесі” шынайы адам бейнесімен тұтаса көрінеді. Көркем мәтін ‑ өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Әдеби шығармада сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни уақыт‑кеңістік қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір‑бірімен алмасып отыратын әрекет‑жағдайлардан тұратыны белгілі. Онда берілген үлкенді‑кішілі әрекеттердің бірлігі сюжет, идея, кейіпкерлер арқылы қабысады. Автордың толғамы әр түрлі ситуация ішінде шектеусіз көрініп отырады да, шығармадағы оқиғалар уақыттан тыс, кешенді де сипат алады. Көркем шығармада баяндаушы немесе әңгімешінің орны ерекше. Олардың ерекшелігі оқиғаны жеткізулерінен айқындалады. Біреуі оқиғаны үшінші жақтан баяндаса, екіншісі оқиғаның қатысушысы ретінде көрінеді. Әдебиет зерттеушісі В.Е.Хализев: “Оқиғаны өз атынан тікелей баяндайтын адамды әңгімеші деу керек”,‑дейді. Үшінші жақтан баяндайтын адам өзін бәрін білетін автор ретінде немесе белгісіз, жасырын әңгімеші ретінде көрсетуі мүмкін. Бірінші жақтағы баяншы тікелей автор да, нақты әңгімеші де, шартты түрдегі баяншы да болуы мүмкін. Осы жағдайдың әрқайсысында әр түрлі мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Енді бір жағдайда мәтіннің авторы өзінің нақты позициясын әр түрлі: өзі арқылы, жасырын автор түрінде, аты аталмаған басқа кейіпкерлер атынан да беруі мүмкін.
Баяншы – оқырманға кейіпкердің әрекеттері туралы баяндап, оның өту уақытын белгілеп, кейіпкердің бейнесін, ортасын суреттеп, оның ішкі дүниесін ашады. Бұл кезде ол бәрінен тысқары тұрады. Баяншының міндеті бір мезгілде өзі бейнелеп отырған шектеулі кеңістікте көріне отырып, оның оқырмандарына да арналады. Яғни, автордың бейнелеп отырған кеңістігінің сыртына да шығып кетеді. Сонда баяншы белгілі бір адам бейнесі емес, ол қызмет, функция деген жөн. Баяншының автордан өзгешелігі ол суреттелетін уақыт пен кеңістіктен тыс тұрады. Сондықтан ол алдыңғы кезекке тез өте алады немесе кейін орала алады. Сол сияқты оқиғаның алдындағы мәселені немесе оның нәтижесін біліп отырады. Алайда, оның мүмкіндігі көркемдік бүтіндіктің шектеулігіне байланысты. Баяншыға қарағанда әңгімешінің ерекшелігі автор мен оқырманның ойластырған әлемінің шекарасында емес, бейнеленетін шындықтың бүтіндей ішінде болады. Барлық негізгі мәселелер “өзі әңгімелейтін оқиға” бұл жағдайда бейнелеудің негізіне, ойдан шығарылған шынайылықтың айғағына айналады. Әңгімешінің бейнесі – характер немесе “тілдік тұлға” (Бахтин) – субъектіні бейнелейтін негізгі айырма. Яғни, әңгімеші – бейнелеудің субъектісі. Ол жеткілікті түрде объективтеніп, белгілі бір әлеуметтік‑мәдени және тілдік ортамен байланысты болады да, ол шығармадағы басқа да кейіпкерлерді бейнелейді. Баяншы керісінше өзінің қызметі жағынан автор‑тудырушыға жақын. Осымен бір мезгілде кейіпкермен салыстырғанда ол неғұрлым бейтарап тілдік ақпараттарды жеткізуші. Кейіпкер неғұрлым авторға жақын болған сайын, олардың тілдік айырмасы аз болады. Баяншының дәнекерлік қызметі оқырманға өткен оқиғалар мен әрекеттер жайлы жеткілікі де сенімді мағлұмат беруге көмектеседі. Әңгімешінің дәнекерлік қызметі бейнеленіп отырған әлемнің ішіне кіруге, оған кейіпкердің көзімен қарауға мүмкіндік береді. Біріншісі белгілі бір сыртқы көзқарастармен байланысты. Ал, оқырмандарды оқиғамен тікелей таныстыратын шығармаларда (мәселен, күнделік, хат, монолог) баяншылар болмайды. Сонымен кең түрде алғанда баяндау – баяндаушы, әңгімеші, автор бейнесінің сөйлесулерінің жиынтығы бола отырып, бейнеленіп отырған әлем мен оқырмандардың арасындағы дәнекерлік қызмет деген сөз. Яғни, баяндау кең түрдегі мағынаға ие болады. Ол суреттеу, ой толғау, тікелей және жанама түрде көрінетін тілдік құрылым ретінде көркем шығармада барынша кең қолданылады.
Баяндау тікелей мағынасында ақпаратты жеткізу қызметін атқарады. Бұл кезде берілетін ақпарат бейнелі, көркем түрде жетеді де, оған суреттеу, бейнелеу, портрет, пейзаж, хабарлау кіреді. Суреттеу кезінде баяншы оқиғаны, оның өту орнын, кеңістігін сипаттап, қосымша ақпарат, мәліметтер береді. Бейнелеу негізінен көркемдеу тұрғысында, яғни, оқиғаның өтетін орнының жекелеген, ерекше көріністерін суреттеп, ажарлай түседі. Сөйтіп, оқырманға әсерлілігін күшейтеді. Көркем шығармаларда басым орында баяндау алады, яғни автор өз сөзімен оқиғаны баяндап береді. Ол қатысушылардың тартыстарының нақты себебін ашып кейде екі суреттеудің арасына дәнекер болады, қиюластырады, кейде көрсетейін деген өмір құбылысына бағыт сілтейді. 59-сұрақ. Әдебиеттің ұлттық сипаты. Ұлттық сипат – шығарма авторы дүниетанымының көрсеткіші. Ақындық поэзиядағы шығармалардың лирикалық және эпикалық жанрларында авторларының халық даналығынан тағылым ала жинақтап, түйіндеп толғаған жырлары дүниетанымның болмысын танытады. Дәстүрлі ақындық поэзияның кейінгі кәсіби жазба әдебиет дамуына ұласқаны – осы ерекшелігі. Көркем әдебиет
шығармаларындағы автор дүниетанымының ата бабалық көзқарастардан сабақтаса жалғасқан болмысы оқырмандарды, тыңдаушыларды тәрбиелейтіні ақиқат. Қазақ сөз өнері мұраларындағы үздіксіз жалғасқан осындай көркемдік үрдіс табиғатын түсіну үшін академик З.Ахметовтің «Дүниетаным және көркем шығарма» атты мақаласындағы пікірді бағдарымызға аламыз: «Асылында, жазушының дүниетанымы мен творчествосы өте тығыз байланысты болады. Оның саяси, философиялық, эстетикалық көзқарасы, дүниетанымы, әдеби творчествоға негіз, тірек болады. Ал әдеби шығармаларынан өмірлік позициясы, мақсат-мұраттары, эстетикалық идеалы айқын танылады» [1, 82 б.]. Демек, ақындық поэзияның ұлттық сипаты аясында халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрыптары толық қамтыла жырланады. Ақындық поэзия шығармаларының ұлттық сипатпен жырлануына көркемдік негіз болған мұралар – халық даналығының қайнар бұлақтай көрсеткіштері болып саналатын мақал-мәтелдер. Қазақтың ата-бабалардан сақталып, ұрпақтарға ұлықталып жеткен ұлағаты – ұлттық қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлықтың ең ізгі қасиеттерін құрметтейтін дүниетаным көзқарастары. Ақындық поэзияның лирикалық-дидактикалық өлеңдерінде, айтыстарында, дастандарында қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойлау дүниетанымына тән өрнектер мақал-мәтелдер арқылы ұрпақтар жадына жаңғырта ұсынылды. Ақындық поэзиядағы туған жер, Отан, атамекен, атақоныс хақындағы көзқарастарды ұлттық- азаматтық көзқараспен жырлауға мынадай мақал-мәтелдердің негіз болғаны анық: «Туған жерге туың тік», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ат айналып, қазығын табар, ер айналып, елін табар», «Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар», «Ел іші – алтын бесік», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Құлан өз қағынан жерімес», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді», т.б. [2, 8-9 бб.]. Қазіргі заманғы ақпараттық, тәлім-тәрбиелік құралдардың орнына жалғыз өзі жүрген ақындық өнер дәстүрі өркениет кеңістігіндегі халқымыздың дербес даралық болмысына тән ерекшелікті айқын көрсете алды. Бұл орайда, әрине, адам және оның қасиеттеріне арналған мақал-мәтелдерді де еске аламыз. Себебі, сол қанатты, мағыналы тіркесті сөйлемдер замандар ағынында бір кездері ақындардың, би-шешендердің, ел басқарған көсем тұлғалардың аузымен айтылғаны мәлім. Мақал-мәтелдердің өлеңге тән ұйқастармен, дыбыстық-әуездік үйлесіммен сақталуы да ақындық поэзия аясында қалыптасқан халық ойының көрінісіндей байқалады. Мысалы: «Жақсы адам – ел ырысы, жақсы жер – жанның тынысы», «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында», «Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар баланың етек-жеңі кең болар», «Аты-тоны бар кісіде Әзіретәлінің күші бар», «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше», «Кісі болар баланың кісесінен белгілі, ат болатын құлынның мүшесінен белгілі», «Ақылды адам айтқызбай біледі, ақсұңқар қаққызбай іледі», «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады», «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген», «Жүректің жолы – ыстық, білектің жолы – суық», «Адамдықтан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ», «Адам болатын жігіт: әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылын билейді, сонан соң аймағын билейді», т.б. [2, 50-57 бб.]. Ұлттық сипат дәстүрлі ақындық поэзияның эстетикалық негізі ретінде ұрпақтардың барлық толқынына танылып келеді. Байырғы түркі өркениеті заманындағы руна жазуымен бедерленген жәдігерліктерде де, халық жадында жатталған фольклор мұраларында да қазақтың өзіндік дүниетанымы арқылы материалдық және рухани мәдениет салаларының мәселелері кеңінен қамтылып келеді. Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде ақын-жыраулар поэзиясындағы сөз арқауындағы сыншыл сарындардың Қазақ хандығы дәуірінен бастап XIX-XX ғғ. кезеңдеріне ұласқаны үнемі сабақтастырыла айтылады. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде [3, 245-468 бб.] қазақ әдебиеті тарихындағы дәстүрлі ақын-жыраулар (Бұқар, Махамбет, Нысанбай, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір), жаңа реалистік жазба поэзия (Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Жәңгерей Бөкеев, Омар Қарашұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Сәбит Дөнентайұлы) шығармаларындағы ұлттық мүдде арасындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік-стильдік ерекшеліктерге баға берілген. Ақындық поэзияның ұлттық сипаты мен көркемдік ойлау ерекшелігі классикалық әдебиет алыптарының шығармашылығымен сабақтаса бағаланады. Қазақ әдебиеті тарихының XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы даму кезеңдеріндегі көрнекті шығармашылық тұлғалар 2 әлем әдебиеттеріндегі классикалық мұраларға ерекше ықыласпен қарады. Олардан шығармашылық байланыс, ықпалдастық аясындағы өзара араласу құбылыстары байқалады. Мифологиялық танымнан бастау алған диадалық ұғым поэтикалық ойлау жүйесінде адамның жан дүниесіндегі қарама-қарсы ойлар мен әрекеттердің күресін бейнелеудің «қайнар көзіне» айналды. Қазіргі көркем әдебиеттегі психологиялық талдау тәсілдерінің бірі – бір кейіпкердің бойына сыйдырылған «қос тұлғаның» күресін бейнелеу арқылы тұтас характерді таныту. «Қос жарылған» кейіпкер – көркем кеңістікте «ғұмыр кешуші» поэтикалық диаданың мысалы. Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі мен «Парасат майданы» хикаяты, М.Мағауиннің «Жармақ» романы осындай «диада-кейіпкерді» сомдауымен ерекшеленеді. Диадалық ұғымнан туындаған айшықтаулар, тілдік ұғымдар поэтикалық тұрғыда түрлі жолдармен көрініс берді. Кереғар құбылыстардың бір адамның бойында тайталасуын бейнелеуде қаламгерлер жүгінген тәсіл сырт сипатының әр қилылығымен ерекшеленеді. Т.Әбдік пен М.Мағауиннің диада-кейіпкерлерінен Оралхан Бөкейдің кейіпкерінің болмысы өзгешелеу жолмен танылған. «Сайтан көпір» хикаятындағы Аспан шалдың психологиялық ахуалын бейнелеуде О.Бөкей жүгінген тәсіл де диадалық ұғымға негізделген. Алайда, қаламгер бір кейіпкердің ішінен «екі тұлға» шығармайды. Басқаша көркемдік ұстаным тұрғысынан келеді. “Өзің де темірден мүйіз жасап алуың керек” – деді иығындағы сайтан, ал, оң иығындағы періштеде үн жоқ. “Темірден мүйіз жасап алайық” – деп, сол иығындағы сайтан қақсап болмаған соң, шыдамы таусылды ма, оң иығындағы періште “Мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағыңнан айырылмасаң” [3, 179], - деп күрсінді”. Мұсылмандық танымда адамның екі иығында екі періште отырады. Оң иығындағы періште жақсылық істерін, сол иығындағы періште жамандық істерін жазып отырады деп түсіндіріледі. Бұл түсінік көркем әдебиетте көркем суреттеуге айналып, адам жанындағы қат-қабат қайшылықтарды таныту мақсатында кәдеге асты. О.Бөкей повесіндегі сайтан мен періште сипатындағы Аспан шалдың тайталасқан ойлары оның жанындағы тартысты аңғартуымен мифологиялық танымдағы «диаданы» еске салады. Лирикадағы кейіпкердің көңіл күйі мен ой-сезімін, бір тұлғаға сыйған екі түрлі болмысты таныту мақсатында диаданы «қайта қарауға» суреткерлер саналы түрде ұмтылды. Диаданы көркемдік тұрғыда «өңдеп», түрлі қалыпта жаңғыртып, психологиялық тереңдік пен лирикалық нәзіктікке бөлеп, жаңа сипатта жаңғыртқан туындылар санатында Ж.Нәжімеденовтің «Қыз құйған шай», «Бетпақ даладағы шоқ гүл», Ф.Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем», Е.Раушановтың «Жолданбаған хат», «Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді» өлеңдерін атауға болады. Диада ұғымынан бастау алған оксюморон тәсілі кереғар ойлар мен сезімдер тоғысуы, яғни компромисі екенін еске алсақ, аталмыш туындылардың табиғатына осы тәсіл тән екенін айтуға болады. 62-сұрақ. Монолог пен диалог түрлері. Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “ Болыс болдым, мінеки ” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“ Сұлушаш ”), Қоңқай (“ Ақан сері – Ақтоқты ”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 782; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |