Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Журналистика 2-c Турарова Мадина!




Менің Ұлттық Идентификациялануым!

Адамнан адам қалыптасу процесі өзін-өзі сақтау сұрағымен ғана тұйықталып қоймайды: ол — тіршілік мағынасы, адамның өздігі мәселесін құрайды. «Мен кіммін?» сұрағы «Мен кімдерді бейнелеймін?, Кімдердің өкілімін?» (әрине, тек мұнымен шектелмейді) негізінде осы сұрақ Идентификациялық дағдарыс туралы айтқанда адамның өз образына («Мен қандай болуға тиіспін?») өзінің сәйкес келмеуі, өз өмірінде өзінің жоқтығы, немесе дүниедегі өз орнының белгісіздігі, түсініксіздігінен туатын уайым-сезімдерін айтады.Мұндай мәселенің көтерілуі —адам өмірінің шындығы. Өзінің тарихи есеюі барысында адамзат универсалды адамгершілікті ұғынуға ұзақ бұлтарыстармен жетті және бүгінгі күнге дейін әр жолы әркім-басқаны адам ретінде тану мәселесімен бетпе-бет келеді, бірақ барлығы бірдей осыны ұғына, тани, мойындай бермейді. Бұл процесс әртүрлі мәдениеттерде әртүрлі жүреді. Демек, бұл да адамның өзімен өзінің және басқаны өзімен идентификациялау мәселесі түбегейлі шешілмегендігінің дәлелі. Идентификациялау сипаты — біріншіден, өзгемен идентификациялану қажеттілігі мен үшін қандай сипатқа ие, қаншалықты қажет?; ал екіншіден — басқа адаммен идентификациялану менің тұлғалық дамуыма тікелей байланысты. Менің бөгде адамды қалай, қандай сапада, кім ретінде қабылдайтыным және менің онымен идетификациялануымның өмірлік маңыздылығының дәрежесі сонымен анықталады. «Ұлтты руға, тайпаға, жүзге жіктеу дәстүрі (шежірешілдік) өз ішінде бөліну-жауласу үшін емес, әрбір адамның ортақ тілі, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлік-бірлікке, ұлттық сананы қалыптастыруға, бір адамның шығу тегі арқылы сол буынды бүкіл қауымға, халыққа таныстыру арқылы ұлтпен таныстыруға бағытталған». Рулық — тайпалық жүйеде — жүздік, рулық белгі өмір мәні деңгейіне көтерілмейді. Сондықтан ол билік күшіне ие емес. Адамның белгілі топқа, ру-тайпа, жүзге жатқызылуы өзіндік барабарлыққа қызмет ететін сілтеме-көрсеткіші рөлін атқарады. Қауымдастықпен барабарлық — қоғамды консолидациялау факторына, толеранттылық императивіне айналды. Сондықтан әңгіме «рушылдық», «жершілдік» немесе жеке адамды мәнсіздендіріп, жеке дауыс мүмкіндігінен айыратын туралы емес, адамның адам ретінде қалыптасуы, индивидуализациясы, оның рефлексиялау қабілетінің дамуы және тұлға ретіндегі жауапкершілігінің артуы, басқалармен қауымдасуындағы уақыт пен кеңістіктің маңыздылығын мойындауы, бағалауы туралы болуға тиіс.

Британдық әлеуметтанушы Э.Гидденстің пікірінше, өз барабарлығының дәстүрлі формаларынан қол үзген индивид әр жолы түрлі әлеуметтік жағдайларда өзін ұғыну мен өз тәртібі түрін таңдау алдына қойылады. Мұндай қажеттілік — таңдау жасауға көмек беретін арнайы рефлексиялау институттарының пайда болуына (әлеуметтік білім, моральдық білім, т.б.) ықпал етеді. Бірақ ондай рефлексиялар приципиалды түрде аяқталмайтындықтан және сараптамалық бағалаудың салыстырмалылығы, әрі адам өмірінің астарларының көптүрлілігі адамды экзистенциалды қауіпсіздік пен басқаларға сенім мәселесінің алдына қояды.

Адам қоғамда өмір сүреді. Ал оның индивидуалды дамуы қоршаған дүниеге-қоғамдық өмірге енуінен басталады. Сондықтан әлеуметтік интеграциялану — адам өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қазақ халқының көшпенді тіршілігі (отырықшылық мәдениет пен тұрмыс болмауы, мал шаруашылығынан өзге кәсіппен шұғылданбау), елді мекендер арасындағы жер алшақтығы салдарынан туатын коммуникация қиындығы, діннің алғашқы формаларының насихатталуы, мемлекеттіліктің әлсіздігі және полигамиялық семья жағдайында күн кешкен халық өмірінде аса күшті интеграциялық мотив рөлін атқарған — рулық-тайпалық жүйе — көшпенділік тұрмыс, өмірсалт жағдайында мемлекеттік құрылым субстанциясы міндетін атқарды, далалық аймақтағы мемлекеттіліктің ең ыңғайлы, дұрыс, бірегей баламасы болды. Рулық-тайпалық жүйе арқылы көшпенді қазақ әлеуметтік ортаға еніп, инкультурацияға ұшырап, индивид өз ортасының тәртібін, үлгі, дағды, құндылықтарын игерді. Рудың мүшесі өзінің шетсіз-шексіз ұланғайыр жер бетіндегі кездейсоқ жел айдаған қаңбақ немесе тексіз құл eмес, ата тегі, елі мен жері, елтаңбасы, дәстүрі, тұрмыстық тәртіпті қадағалау, әкімшілік басқару, жазалау тетіктері бар мини-мемлекеттің мүшесі, бүтіннің бөлшегі екендігін, ал ол мемлекет өз кезегінде одан да кең құрылымға (тайпаға, тайпа — жүзге, жүз — ұлтқа) енетінін аңдайды.

"Жүз — тарихи әлеуметтік категория Әр тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелі тіршіліктің өзіндік ерекшелігіне қарай құрған. 2) фактор, ел қорғау, жер қорғау мұддесінен туындаған. 3), жеті атаға дейін қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этностың генетикалық қорын аман алып қалуға бағытталған. Бұл белгілі бір географиялық шеңберде, белгілі бір ортада ортақ бүкілхалықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елінің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған. Ортақ тіл, діл, атамекен халықтық бірлікке, мүдде бірлігіне қызмет еткен.

Дүниеге позитивті қатынаста қалыптасқан адам келешекте де бейбіткөршілестікті дамытады. Өйткені ол адам үшін дүние тартымды да қызық. Сондықтан қазақ үшін әркімді өз ерекшелігімен қоса қабылдап, әрі өзін жоғалтып алмау табиғи дағды. Осылайша қазақ қоғамының толеранттылығы дәл осы рулық-тайпалық жүйеден бастау алады.

Қорытынды: неміс ойшылы К. Ясперс тілімен айтқанда, адамдар байланысын нығайтатынның бәрі ақиқат. Демек, бүгінгі ұрпақ өміріне трансформацияланып, әрбір тұлғаны жетілдіруге қызмет ететін, тарихи қалыптасып, танымымызда сақталған рулық-тайпалық жүйе құбылысы — трансценденталды шындық. Оның құндылығын бағаламау, бұрмалау, мәнін елемеу әрекеттері — өзінің нағыз болмысына деген адам ұмтылысының құлдырау шежіресіне ұлттық бастау береді




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 459; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.