Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Есеп беру материалдары




Сурет.

 

Рм

Р1=21,62м Q1 = 0,22 л/сек.

Р2 = 32,62 м Q2 = 0,31 л/сек.

Р3 = 41,89м Q3 = 0,39 л/сек.

Салынған график су шығынының кысымға байланыстылығының түзу сызықты екенін көрсетеді. Яғни, жерасты суларының козғалысы ламинарлы (62-сурет).

Тіректегі қысымды анықтаймыз:

р = 140 - 105 = 35 м

Графикте бұл қысымға шығынның сәйкестігі көрсетіледі:

Q = 0.33 л/сек.

Тексерілген аралықтың қалыңдығы:

h = 91,5 - 80.0 = 1 1,5 м

Меншікті су сіңіру мынаған тең:

n = Q×60/h×p = 0.33×60/11.5×35 = 0, 05 л/мин.

Сүзілу коэффициентін келесі формула бойынша анықтаймыз:

R =200

 

К = 0,366QlgR-lgr/h*P=0,366*0,00033(lg200-lg0,0235)/11,5*35

= 0,0000012 м/сек=0,1 м/тәулік

 

 

6. 8. Шурфтарға тәжірибелік су құю

 

а) Жалпы түсіндірме

 

Грунт сулары деңгейінен жоғары (аэрация белдемінде) жататын борпылдақ және байланысқан тау жыныстарының суөткізгіштігі шурфтарға суды тәжірибелік құю арқылы зерттеледі. Аэрация белдемінің жыныстары үшфазалық жүйені құрайды: грунт каңқасы – байланысқан су – жарықшақтар мен кеуектерді толтыратын ауа. Шурфтан жынысқа өтетін жербетілік су ауаны ығыстырып, су-ауа шекарасында пайда болатын гравитациялық және капиллярлы күштердің әсерінен кеуектер мен жарықшақтар бойынша қозғалады.

 

 

Капиллярлы қысым 23-кесте

Жыныстар Капеллярлы қысым, кПа
Ауыр саздақ  
Жеңіл саздақ  
Ауыр құмайт  
Жеңіл құмайт  
Сазды ұсақтүйірлі құм  
Таза ұсақтүйірлі құм  
Ортатүйірлі құм  
Ірі түйірлі құм 0,5

 

Капиллярлы қысым қосымша арын сияқты әсер етеді; оны шурфтан инфильтрацияланатын ағыстардың град­иенті мөлшерін анықтау кезінде ескеру керек.

Зертханалық тәжірибелер инфильтрация кезінде капиллярлы қысым мөлшері (Нк) капиллярлык көтерілудің максимальды биіктігінің орташа алғанда 50 %-ын құрайтынын көрсетті. Нк мөлшерінің мәндерін 23-кестеден алуға болады. Анығырақ олар зертханада немесе шурфтарға тәжірибелік құюдың мәліметтері бойынша анықталады.

Шурфтан жыныстарга өтетін су капиллярлы күштердің әсерінен төмен ғана емес, сонымен катар жоғары да, жан-жаққа да қозғалады. Шурф жанында уақыт өткен сайын пішіні ұлғайып, пішінін өзгертетін ылғалды белдем пайда болады. Ағу қарқындылыгы жыныстың құрылымы мен суөткізгіштігі арқылы анықталады. жақсы суөткізгіш ірікеуекті жыныстарда: малтатастар, ұсақтас, ірітүйірлі кұмдарда ағу қарқыны төмен. Ал жұқа кеуекті жыныстарда – саздар мен саздақтарда қарқынды ағу байқалады.

Жайыла ағу (растекание) сусыз жыныстардың тэжірибелік құю арқылы сүзілу коэффициентін анықтауды күрделендіретін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Оның тәжірибе нәтижелеріне тигізетін әсерін тәжірибелік қондырғының арнайы сұлбасымен шектейді немесе есептеу формулаларында ескереді.

Жербеті суы шурфтан инфильтрацияланып, жыныстардыц кеуектері мен жарықшақтарын толтыратын ауаны толыгымен ығыстармайды. Оның қалған көпіршіктері инфильтрациялық ағыстың тірі кимасын және инфильтрация жылдамдыгын азайтады. Шурфтарга тәжірибелік құю арқылы сүзілу коэффициентін анықтаудың төмендегі қарастырылған әдістері ығыспаган ауа әсерін ескермейді. Бұл әсер Н.К. Гиринский әдісі бойынша тәжірибе жүргізу кезінде ескеріледі.

Кейбір құрылымдық жыныстардың (лесс, саздақ, саздар) су өткізгіштігі суландыру кезінде немесе суға қанықпаған жыныстарға су жиналған кезде пайда болатын физика-химиялық процестер нәтижесінде жыныстардың құрылымдық беріктігінің бұзылуы салдарынан өзгереді. Мұндай жағдайда шурфтан инфильтрацияланатын судың шығыны өзгереді және жынысқа қарағанда шығынның орнығуына дейінгі уақыты көп, оның құрылымы сулану кезінде өзгермейді.

Инфильтрация жылдамдығына жер беті суларының жағдайы зор әсер етеді, оған су инфильтрацияланады, өйткені кеуектердің ластануы мен жер бетінің лайлануы инфилтрация жылдамдығын күрт төмендетеді. Сондықтан тәжірибенің дайындығы кезінде де оның орындалу процесі кезіндегідей шурф түбінде жыныстың беттік қабатының құрылымы бұзылмас үшін бақылау жасау керек. Тәжірибе кезінде түбінің лайлануын болдырмау үшін құюға құрамында тексерілген түйіршіктер болмайтын мөлдір таза суды қолдану керек және оны зумпфқа (су жиналатын орын, оқпан түбі) баяу құю керек.

Суды зумпфқа ақырын құю кезінде кеуектер мен жарықшақтардан ығысып шығатын ауа жыныстың құрылымын өзгертпей жан-жаққа таралып үлгереді. Су температурасының оның тұтқырлығына әсер етуі құю нәтижесінен көрінеді. Бұдан басқа суық жер беті суы жылы жыныста жылынып, еріген ауаны шығарады, бұл өткізу зонасындағы ығысқан ауаның құрамын ұлғайтып, жыныстың су өткізгіштігін төмендетеді.

Шурфтарға тәжірибелік құю арқылы сүзілу коэффициентін анықтаудың қазіргі уақытта қолданылатын әдістерінің барлығы тәжірибе және капиллярлы орын кезінде өтімділік тереңдігі грунт суларының тереңдігінен асатын (шурф түбінен есептегенде) тау жыныстың бірлік қат-қабатындағы инфильтрция жағдайы үшін жасалған. Тәжірибелердің жүру уақыты ұзақ болмағандықтан (әдетте бірнеше күннен аспайтын, сирек 1-2 апта), тәжірибелік зумпф түбінен грунт суларына дейінгі тереңдік 5 м болса, инфильтрация жылдамдығына грунт суларының әсері болмайды.

Жасалған тәжірибе шурфқа тәжірибелік құю журналында тіркеледі, онда келесі бөлімдер болады:

1.Техникалық мәліметтер;

2.Тәжірибе жүргізудің сұлбасы;

3.Құю кезіндегі жүргізілетін бақылаулар;

4.Судың шығыны мен көлемінің уақыт бойынша өзгеру графиктері;

5.Шурфқа құю нәтижелерінің кестесі;

6.Сүзілу коэффициентін есептеу;

7.Жұмыстар күнделігі;

8.Жұмыстар жетекшісінің ескертулері;

Тәжірибе нәтижелері шурфқа құюдың қосымша парағында көрсетіледі:

1.Учаскенің сұлбасы;

2.Учаскенің геологиялық қимасы;

3.Грунт ылғалдылығының тереңдікпен өзгеру қисық сызықтары (қисықтары);

4. Техникалық мәліметтер кестесі;

5.Судың шығыны мен жалпы көлемінің уақыт бойынша өзгеру графиктері;

6.Есептемелік кестелер.

б) А.К.Болдырев әдісі

Бұл әдіс екі болжам негізінде жасалған:

1.Шурфтан инфильтрацияланатын ағынның көлденең қимасы тереңдік бойынша өзгермейді және шурфтың көлденең қимасына тең, яғни жайыла ағу болмайды.

2. Шурфтағы судың орныққан өніміне сәйкес сіңіп кетуінің (просачиваемость) кіші тереңдігі кезінде және шурфтағы су қабатының қалыңдығы кіші болған кезде шурфтан инфильтрацияланатын ағынның арын градиенті бірге жақын және инфильтрация жылдамдығы сандық көрсеткіші сүзілукоэффициентіне сәйкес болуы мүмкін.

Бұл әдісте ағынның сіңіп кету (просачивание) мен капиллярлы күштердің әсері ескерілмейтіндіктен, ол тек су өткізгіштігі жоғары изотропты жыныстарда ғана қолданылады: ірі түйірлі құмдарда, қиыршық-малтатасты шөгінділерде, қалыпты біркелкі ретсіз жарықшақтығымен сипатталатын жерасты массивтердің құрғатылу белдемінің жыныстарында, т.б.

Тәжірибе барысы келесідей:

1.Шурф түбіне қиығы 1×1,5 м -ден кем болмайтын диаметрі 0,5 м домалақ қиықты зумпфты 0,15-0,20 м тереңдікке дейін орналастырылады (63-сурет). Әрі кесекті жыныстарда керекті мөлшердегі суды тоқтаусыз беру үшін зумпфты үлкейтеді.

2.Шурф суреттеледі. Бұл кезде тәжірибелік зумпф түбін (забой) міндетті түрде суреттеу керек. Шурфтың геологиялық қимасы мен түбінің (забой) суреті тәжірибелік құю журналына тігілетін милиметрлік параққа сызылады.

 

63-сурет. А.К. Болдырев әдісі бойынша тәжірибеге арналған қондырғы:

1 – суы мен бак; 2 – түтік; 3 – суөлшеуіш аспап (рейка); 4 – металдан жасалған

сақина; 5 – зумпф түбіндегі қиыршық қабаты

3. Орнықсыз жыныстарда шурф пен зумпф қабырғалары бекітіледі. Зумпфты бекіту үшін диаметрі 0,5 м, биіктігі 0,20-0,25 м болатынцилиндрді қолдану қолайлы. Зумпфқа цилиндрді орнатқаннан кейін, оның зумпф қабырғасымен арасындағы кеңістікті ылғалды сазбен толтырады.

4. Зумпф түбі тегістеліп, тазартылады. Зумпф қабырғасына ұзындығы 0,15-0,20 м болатын рейка қыстырылады, оның нөлі шурф түбімен сәйкес болу керек. Зумпф түбін шайылу мен лайланудан қорғау үшін оны 2-3 см қалыңдықтағы құм қиыршығымен толтырады.

5. Зумпфқа суды жеткізу үшін шурф жанында суөлшеуіш түтігі немесе қалқы -малық деңгейөлшеуіші бар тарировты бак орнатылады. Әрбіреуінің сыйымдылығы 70 л болатын жалғамалы өлшеуіш бактарды қолдану ұсынылады, олар үш адымды кранмен біріктірілген және суөлшеуіш шыны түтіктермен жарақтанған. Суөлшеуіш түтіктер бойынша санау ыңғайлы болу үшін бактар биік емес жерге
орнатылады. Жалғамалы бактарды зумпфқа суды үздіксіз жеткізуді
қамтамасыз ету үшін қолданады.

6. Су бактан зумпфқа бак кранына кигізілген түтік арқылы жіберіледі. Түтіктің үзындығы зумпф түбінде еркін жататындай болу керек.

7. Құю арқылы тәжірибеленетін жыныста ығысқан ауа мөлшерін азайту үшін және жыныстан ығысып шығатын ауамен зумпф түбінің бұзылуын болдырмау үшін зумпфты белгілі бір деңгейге дейін сумен толтыру кезінде (оның деңгейінен +10 см) оның деңгейінің көтерілу жылдамдығы 0,5 см/мин. -тан аспауы керек.

8. Белгіленген деңгейге дейін зумпфты сумен толтырғаннан кейін, бұл деңгейді тұрақты етіп ұстау керек. +1 см ауытқулар рұқсат етіледі. Тәжірибе кезінде су деңгейінің тұрақтылығы деңгейдің автоматты регулятор көмегімен су шығынын ұстап тұру (регулировка) арқылы жүзеге асады.

9. Деңгейдің автоматты регуляторы болмаған кезде суды бактан зумпфқа шашыратқышы бар майысатын түтік арқылы жіберіледі. Мұндай жағдайда шығын бак кранымен немесе майысқыш түтікке кигізілген қысқыш (зажим) арқылы реттеледі. Рейка бойынша су деңгейін бақылау үшін тәжірибе кезінде шурфта арнайы бақылаушы болу керек. Басқа бақылаушы бактағы су шығынын тексереді, оның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді және тәжірибені журналға түсіреді.

10. Шығынды өлшеу әрбір 10-30 минуттан кейін сусіңіру жылдамдығына байланысты бактың суөлшеуіш түтігі арқылы жүзеге асады.

11. Шайма (намыв) кезіндегі бақылаулар журналға жазылады. Тәжірибе процесінде шығынның уақыт бойынша өзгеру графигі құрастырылады, ол милиметрлік қағазға сызылып, тәжірибелік құю журналына тігіледі.

12.Бақылауларды шығын орныққанға дейін жүргізеді. Шығын, егер 2 сағат (4-6 өлшеулер) ішінде орташа шығыннан 10 %-дан аспайтындай ауытқымаса, тұрақтанған шығын бойынша есептеледі.

13.Сүзілу коэффициенті К мына формула бойынша есептеледі:

K = Q/F

Мұндағы:

Q – тұрақтанған шығын, м 3/ тәул.;

Ғ – сүзілу ауданы, м 2.

Бекітілген суөткізбейтін қабырғалары бар зумпф үшін:

F = 3,14d2/4

Сүзгіш қабырғалары бар зумпф үшін:

F =

Мұндағы:

d – зумпф диаметрі, м;

Н – зумпфтағы су биіктігі, м (әдетте 0,1 м).

Тәжірибе нәтижелерін камералды өңдеу кезінде жоғарыда айтылғандай, шурфқа тәжірибелік құюдың парағы құрастырылады.

в) Н.С. Нестеров әдісі

 

Бұл әдіс бірдей биіктікке орналасқан және сумен толтырылған екі цилиндрдегі судың инфильтрациялануы кезінде су сыртқы цилиндрден шығындалады, ал ішкі цилиндрдегі су ағыны төмен қарай тік бағытгалады деген тұжырымға негізделген. Мұнда жайыла ағу (растекание) болмайтындықтан, ағынның қимасы тұрақты, цилиндр қимасына тең болады, ал судың ток сызықтары бір-бірімен параллельді жэне тік болады деп тұжырымдалады. Бұл жағдайларда ішкі цилиндрдегі судың тұрақты шығынында және судың төменгі биіктігінде ондағы ішкі цилиндрден келетін инфильтрациялық ағын градиентін 1-ге, ал инфильтрация жылдамдығын сүзілу коэффициентіне теңестіруге болады. Бұл тұжырым дұрыс болуы үшін ішкі және сыртқы цилиндрлер диаметрлері қатынасы екіден кем болмауы керек. Әдетте, диаметрі 0,25 және 0,50 м, биіктігі 0,20-0,25 м болатын металдан жасалған цилиндрлерді дайындайды және оларды бірін екіншісіне салып, қатты біріктіріп, орнатады. Қарастырылатын әдісті ұсақ түйірлі және сазды жыныстардағы құюлар үшін қолданады.

Тәжірибе барысы келесідей:

1. Шурф пен зумпф жұжатталады;

2.Тегістеліп, тазартылған тәжірибелік зумпф түбіне бір-бірімен концентрация -лық орналасқан 5-6 см терендікке екі цилиндрді ақырындап орнатады (64-сурет). Цилиндрлерді салу кезінде зумпф түбіндегі жыныстар бұзылмағанын, жыныстардың кеуектері лайланбағанын бақылау керек;

3. Цилиндрлерді орнатқаннан кейін зумпф түбіне қалыңдығы 2-3 см болатын үсақ қиыршық тастарды төсейді;

4. Екі цилиндрлерді сумен толтыру бір мезгілде және бірдей жылдамдықпен (0,5 см/минуттан аспау керек) жүргізіледі. Бұл кезде жоғарыда айтылған барлық кауіпсіздіктер орындалады;

5. Цилиндрлердегі суды керекті деңгейге жеткізгеннен кейін, оны бірдей және тұрақты етіп ұстайды. Әдетте, цилиндрлердегі судың деңгейі зумпф деңгейінен 10 см-ге тең болу керек. Цилиндрлердегі бұл деңгей міндетті түрде орындалуы керек. Сондықтан да цилиндрлерді суға толтырғаннан кейін деңгейлерді автоматты реттеуішті қолдану керек.

 

 

64-сурет. Н.С. Нестеров әдісі бойынша тәжірибе жүргізуге арналған қондырғы: 1 – Мариотт ыдысы; 2 – штатив; 3 – сыртқы сақина; 4 – диаметрі 25 см ішкі сақина (цилиндрлер)

 

6. Деңгейлерді реттеу үшін Мариотт ыдыстары немесе әр түрлі деңгейлі автоматты реттеуіштерді қолдануға болады. Мариотт ыдысы сыйымдылығы 3-5 л бөтелке түрінде болады. Ыдыс суға толтырылады да тесігі бар тығындағышпен (пробка) жабылады, оған қысқа түтік орналастырылады да, осындай түрде толтырылған цилиндр үстінен аузымен төмен карай төңкеріледі. Ыдысты төңкерген кезде түтіктің тесігін саусақпен жабады, ал түтіктің түбін 1-2 см -ге суға салады. Бір ыдысты ішкі цилиндр үстінен орнатады, ал біреуін ішкі және сыртқы цилиндрлер арасындағы сақина үстінен орнатады (64-сурет) ішкі цилиндр үстінен орнатылған ыдыста құйылатын су шығынын өлшейтін межелік (шкала) болу керек.

Ыдыстар арнайы тіреуіштерде түтіктердің аяқ жағы зумпф түбінен 10 см биіктікте орналасатындай етіп бекітіледі. Мариотт ыдысын орнату кезіндегі судың деңгейі түрақты деңгейден 1-2 см жоғары болу керек. Су шығыны былайша реттеледі: цилиндрлердегі су деңгейі түтіктердің соңғы тұсынан жоғары тұрғанша, ыдыстағы су ағып кетпейді. Цилиндрдегі судың бөлігі жынысқа өткен кезде және ондағы деңгей түтік шетінен ажырап кетсе, соңғысы арқылы судың аздаған бөлігі ағып кетеді, ал оның орнына ыдысқа ауаның көпіршіктері көтеріледі. Цилиндрдегі су деңгейі қайтадан түтік шетіне дейін көтеріледі, ыдыстағы су құйылуын тоқтатады, және т.б. Ыдыстағы су шығындалғаннан кейін, оны сол сияқты суға толтырылған ыдыспен ауыстырады.

7. Бұдан басқа автоматты реттеуіштерді қолдану кезінде жеке бактан әрбір цилиндрге суды жеткізу керек. Ішкі цилиндрге жеткізілетін су багы су өлшеуіш түтікпен қамтамасыз етілуі керек.

8.Тәжірибе кезінде тәжірибелік құю журналына ішкі цилиндр түбіне инфильтрцияланған су шығыны өлшеніп, жазылады. Шығын бактың су өлшеуіш түтігі немесе Мариотт ыдысы межелігіарқылы өлшенеді. Су шығындарын өлшеудің аралығы сусіңіру жылдамдығына байланысты 10-30 минутта анықталады. Тәжірибе процесінде шығынның уақыт бойынша өзгеру графигі кұрастырылады.

9.Тәжірибе аяқталғаннан кейін тез арада цилиндрлерді альш тастап, зумпфтан су алынады және өтіп кету тереңдігін анықтау үшін зумпф ортасында болатын ұңғыма бұрғыланады. Келесі ұңғыма сол белгіге дейін зумпфтан 3-5 м қашықтықта бүрғыланады.Ұңғымалардан әрбір 0,20 м сайын ылғалдылықты анықгау үшін жыныстардан сынама алынады. Алынған зертханалық мәліметтер бойынша әрі қарай камералды өндеу кезінде екі ұңғыма үшін жыныстардың тереңдік бойынша ылғалдылығының өзгеруінің біріктірілген графиктері құрастырылады және олар бойынша зумпфтан су қандай тереңдікке дейін өткенін көрсетеді. Кейде зумпфтағы ұңғыманың өту уақытында жыныстардың түсінің өзгеруі бойынша судың өту тереңдігін көз мөлшерімен анықтауға болады. Мұны ұңғыманың геологиялық қимасының жыныстарды суреттеу бөлімінде жазу керек және кейін зертханалық мәліметтер бойынша тексеру керек.

Бақылау ұңғымалары құжатталады. Олардың геологиялық қималары жеке милиметрлік қағазға салынып, тәжірибелік құю журналына тігіледі.

16. Сүзілу коэффициенті К мына формула бойынша есептеледі:

Мұндағы:

F – ішкі цилиндрдің көлденең қимасының ауданы, м 2;

Q – бекітілген шығын, м3/тәу;

Һ – тәжірибе кезіндегі судың сіңіп кету тереңдігі, м;

Н0 – зумпфтағы судың биіктігі, м;

Нк – судың капиллярлы көтерілуі, м.

Тәжірибе нәтижелерін камералды өндеу кезінде шурфқа тәжірибелік құюдың графигі жоғарыда келтірілген сұлба бойынша құрастырылады.

Камералдық жұмыстар және есеп беруді құрастыру

 

Инженерлік-геологиялық іздеу барысында камералдық жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар далалық және зертханалық зерттеулер кезіндеалынатын мағлұматтарды жүйелеуге бағытталған. Камералды жағдайларда инженерлік-геологиялық қималар, карталар, барлау өнімдерінің бағаналары құрастырылады және тәжірибелік жұмыстардың материалдары өңделеді.

Камералды жұмыстардың негізінде өнімдердің орналасу жүйесін және белгіленген инженерлік-геологиялық элементтердің шекараларын дұрыс орнату үшін оларды сынамалауды бекітеді. Камералды кезеңде грунт қасиеттерінің нормативті және есептеулік мөлшерлерін алу үшін көрсеткіштерді жалпыламалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Камералды жұмыстардың соңғы сатысы жүргізілген зерт­теулер бойынша техникалық есеп беру мен құрылыстың жобасына инженерлік-геологиялық түсіндірме парағын құрастыру болып табылады.

Жұмыс жобалау сатысында жүргізілген іздеу материалдары бойынша инженерлік-геологиялық қорытындылар, сонымен қатар, сараптама қорытындылар жасау камералды жағдайларда орындалады.

Техникалық есеп беру мәтіннен, графикалық және кестелік қосымшалардан тұрады. Мәтіндік бөлігі жалпы және арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлігінің бірнеше бөлімдері бар.

1. Кіріспе, онда ізденушілерге қойылатын мақсаттар, жоспарланған және орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі, жоспарды орындау мерзімі мен жауапты адамдар көрсетіледі.

2. Бұрынғы орындалған жұмыстардың материалдарына шолу. Бұл бөлімде аумақтың геологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерінің қысқаша тарихы келтіріледі. Сол аумақтағы грунттың жағдайларын зерттеу үшін орындалған барлық жұмыстар қарастырылады.

3.Ауданның жалпы әкімшілік мәліметтері (орналасуы, эко­номика, т.б.).

4.Физикалық-географиялық очерк (климат, жербедері және гидрографияны суреттеу).

5.Негізгі тектоникалық құрылымдарды, жыныстар стратиграфиясын, түзілімдердің құрамы мен қалындығын сипаттайтын геологиялық очерк. Ауданның геологиялық дамуының тарихы баяндалады.

6.Гидрогеологиялық очерк, онда жерасты суларының негізгі типтері бөлінеді, сулы жыныстардың жете бағалануымен негізгі сулы қат-қабаттардың сипаттамасы беріледі, жерасты суларының режимі мен химиясы, қоректенуі, әр түрлі сулы қат-қабаттардың өзара байланыстары туралы мәліметтер келтіріледі.

7.Инженерлік-геологиялық процестердің дамуы. Қазіргі экзогендік процестер мен олардың құрылыс жағдайларына әсері жете сипатталады. Осы процестердің нәтижесінде құрылыстардың деформациялары қарастырылады.

8.Пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалар кен орындары туралы мәліметтер баяндалады, оларды пайдалану кезінде кұрылысқа тигізетін әсері көрсетіледі. Жобаланатын объекттерді салуға керекті құрылыс материалдарына баға беріледі.

Арнайы бөлім келесі бөлімдерден тұрады:

1.Кіріспе бөлім. Құрылысты тағайындау және оның конструк­тив ерекшеліктері сипатталады.

2.Инженерлік-геологиялық зерттеулердің әдістемесі. Инженерлік-геолгиялық ақпарат алудың әдістері, оларды нақты табиғи жағдайларда дұрыс қолдану сипатталады. Есептеу сұлбаларын таңдау және оларды қолдану ерекшеліктері негізделеді.

3.Жыныстардың физика-механикалық қасиеттері. Бөлімнің негізгі мазмұны жыныстардың бөлінген литология-генетикалық типтерін және инженерлік-геологиялық элементтердің құрамы, жағдайы мен қасиеттері жете сипаттамасын негіздеу болып табылады.

4.Құрылыс объектілерін орналастырудың балама варианттарын салыстыру. Мұнда әрбір учаске үшін табиғи жағдайларды салыстырмалы бағалау жүргізіледі және ең қолайлысын таңдау негізделеді.

5.Құрылыстардың инженерлік-геологиялық жағдайлары. Әрбір құрылыс үшін таңдалып алынған учаске шегінде құрылысты пайда­лану кезіндегі жағдайына болжам жасаумен жете сипаттама беріледі.

Есеп беруде келесі графикалық косымшалар болады:

1) ауданның шолулық картасы;

2) жүргізілетін зерттеулер масштабындағы немесе жобаланатын жұмыстардың бас жоспарындағы фактілік материалдар картасы;

3) инженерлік-геологиялық карта немесе карталар жинағы (геологиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және инженерлік-геологиялық процестердің даму картасы);

4) біріктірілген инженерлік-геологиялық бағана;

5) сұлбалық инженерлік-геологиялық қималар.

Графикалық материалдардан басқа есеп беру құрамына барлау өнімдерінің сипаттамасы мен олардың біріктірілген ведомосі кіреді, сонымен қатар жыныстардың физика-механикалық қасиеттері және судың химиялық құрамы көрсеткіштерінің біріккен ведомостері кіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Штампты тәжірибе қалай жасалады?

2. Прессиометр қандай аспап? Оны не үшін қолданады?

3. Тік қазбалардағы жыныстардың кесілуіне зерттеу қалай жүргізіледі?

4. Жыныстар призмаларының құлауы мен жылжуы.

5. Ұңғымаға су жүргізу нәтижелерін қалай есептейді?

6. Шурфтарға тәжірибелік су құю не үшін қажет?

7. А.К. Болдырев әдісінің мәні.

8. Н.С.Нестеров әдісі қалай орындалады?

9. Камералды жұмыстар дегеніміз не?

10. Есеп беру материалдары.

 

7-БӨЛІМ. ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1366; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.094 сек.