Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница. Тақырыптың өзектілігі: Президент Н.Ә.Назарбаев«Электронды оқу» басылымын құру мен қолдану проблемаларын




Тақырыптың өзектілігі: Президент Н.Ә.Назарбаев « Электронды оқу» басылымын құру мен қолдану проблемаларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Көп жағдайда электронды оқулық дәстүрлі оқулық мазмұнын қарапайым көшіріп алу деп қабылданады. Бұндай суреттеу толық емес, оңайтылған әрі оқулықтың толық сипаттауына жарамайды. Бұл студенттердің когнитивті саласына компьютерлік оқу құралдарының әсер ету потенциалды мүмкіндіктерін бағаламауда жатыр. Сондықтан бірінші орынға маман даярлау сапасын көтеру проблемасын шешу жатады.

Электронды оқулық жүйеге келесі принциптер жатады: адам қойылған мақсатқа тәуелсіз нәтижелі жұмыс жасауы үшін электрондық оқулық жүйесінде мәліметтер мен аралық нәтижелерді бейнелеу әдістері ерекше маңызды, бұл жағдай адамның нәтижелерді қолма-қол және бір мәнді талдауына мүмкіндік береді. Интерфейс адам қабылдауына сай жасалуы керек. Интерфейстің басқару элементтері қолайлы да байқалатындай болуы тиіс, сонымен қатар олар пайдаланушыны негізгі бағыттан алаңдатпауы тиіс.

Қазіргі уақытта күрделі деңгейдегі тапсырмаларды электрондық жүйелердің көмегімен шешу күннен-күнге өсуде. Сондықтан, біріншіден бар электрондық жүйелер әрдайым оптимизацияланып отырады, екіншіден көптеген мақсаттағы масштабы әр түрлі, анықтамалық жүйелерден бастап ақпаратты автоматты түрде жинау, басқару, жобалау, әр түрлі процестерді модельдеу және болжам жасау сияқты жаңа жүйелер құрылуда.

Бұл өзектілік біздің дипломдық жобаның тақырыбын «Мультимедиалық технологиялар пәні бойынша электронды оқу құралын құру» деп атауға негіз болды.

Диплoмдық жобаның мaқcaты:Электронды оқулықты: "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Зерттеу мақсаты – пән бойынша мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы электронды оқулық кешенін құру.

Электронды оқулық жүйесін құруда келесі зерттеу әдістері қолданылды:

¾ пән бойынша дәрістерге жиынтықтарға талдау жасалынды;

¾ жаттығулар бойынша оқулықтарға зерттеу жасалды;

¾ тестілік сұрақтар құрастыру үшін материал жинақталды.

Электрондық жүйені осы пәнді оқитын студенттер және пәнді жүргізуші оқытушылар қолдана алуы зерттеудің тәжірибелік мәнділігі болып саналады.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тез дамуы және кеңінен қолданылуы зерттеудің негізгі тақырыптарының бірі болып келеді. Электронды оқу құралын құру және білім беру сатысында қолдану ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Сондықтан жекелеген пәндер, тақырыптар бойынша электрондық оқу-әдістемелік жүйе құру жоғары оқу орындарының оқу үдерісі үшін қажет болып табылады.

.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жүйесі құрылымына, сондай-ақ қоршаған орта жүйесінің арасында ақпарат алмасуына байланысты. Басқару процесінде жүйеге әсер етіп, басқару шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйе туралы әр уақытта берілген тапсырманың орындалғандығы немесе орындалмағандығы жөніндегі мәлімет алынады.

Электронды оқулық құрастырғанда пән жүргізуші маманның электрондық оқу құралы қорын жасауға арналған кез келген мәтіндік және графикалық редакторларды пайдалануы бұл ортаны игеру мен пайдалануды жеңілдетеді. Электронды оқулық жүйе құрастыру барысында жоба әртүрлі бөлікке бөлініп жасалуы да мүмкін. Мұндай жағдай бір жобамен бірнеше пән мамандарының жұмыстануына жағдай жасайды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: Қазіргі программалық жабдықтарда экрандағы ақпараттың бөліктерін айрықшалап көрсетудің бірнеше әдістері бар: ақпараттың құрылымын түрлендіру және ақпараттың айрықшаланған бөлігінің терезелерді, алқаптарды бөліп көрсету, ақпарат бөлігінің кескінін төңкеріп көрсету және тұтынушының аударатын түрлі эффектілері құбылып тұру. Бұл әдістерді қолдану, әсіресе бағдарламалық жабдықтау кезінде психологиялық тұрғыдан бекітіліп, функционалды тұжырымдалған және эргономды болуы керек. Сұрақ-жауапты хабарларды және көмек алуға болатын мәліметтерді экранның жоғарғы жағына, бұларға арналған алқапты ерекшелеп, мысалға экрандағы негізгі ақпараттан горизонталь сызықпен бөліп орналастыруға; мағынасы түрлі хабарларды бір-бірінен бөлектеп орналастыруға кеңес беріледі. Мысалға анықтамалық бейнелерге негізгі ақпаратқа кері түсті қолданған, экрандағы қосалқы ақпарат айқын көзге түсетіндей, яғни анықтамалар, комментарийлер, басқару хабарламаларына арналған алқаптар айқын көзге түсетін болғаны жөн; экранды алқаптарға бөлгенде жекелеген алқаптардың символдарының масштабын өзгертуге болады; тұтынушының назарын аударатын эффектілерді (құбылу, жарқырап тұру, төңкерілген түс) тұтынушының қызметінің жобасына сай етіп тұжырымдалған кезде ғана қолдану керек.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспе, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І Электронды оқулықты құрудың құралдарын таңдау

1.1 Электронды оқулық кешені туралы жалпы мәліметтер

Қазіргі кездегі жаппай жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында "Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі" деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Оқытушының жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетІн жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Оқытушыда ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты "интернет" жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХ­ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХ­ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Н.Макарова "ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология" деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол "Жаңа ақпараттық технологиялар - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы" дейді.

Студенттер көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл студенттердің оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сурет 1-де қарастырайық.

 
 

 

Сурет 1 Компьютерлік оқыту үдерісі

 

Оның құраушы элементтері оқытушы, студент, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.[2]

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Студенттер электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында студенттер:

1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2. Студент жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Электронды оқулықты құрастыру жабдықтарын классификациялау

Электронды оқулық бұл – білім беру қызметін толық қамтитын (ұйымдастырушылық, теориялық, тәжірибелік, эксперментальдық және т.б.), қазіргі ақпараттық технорлогияларды қолдана отырып өз бетімен жеткілікті білім алуға қолайлы бағдарламалық-техникалық және оқу-әдістемелік құрылғыларының жиынтығы.

Электронды оқулықты төмендегідей топтарға бөлуге болады.

1) жалпыланған инструменталдық жабдықтар;

2) мультимедиялық жабдықтар;

3) гипертексттік және гипермедиялық жабдықтар.

Тікелей программалау құралдарымен жасалған электронды оқулық құралдары төмендегіше сипатталады:

¾ орындау стильдерінің әр түрлілігі (түрлі-түсті палитра, интерфейс, электрондық оқу құралының құрылымы, материал беру тәсілі және т.б);

¾ модификация және сүйемелдеудің қиындығы;

¾ үлкен уақыт шығыны және еңбек сіңіргіштігі;

¾ аппараттық шек қоюлардың жоқ болуы, яғни техникалық базаның бар болуына негізделген электрондық оқу құралын жасау мүмкіншілігі;

¾ жалпы қолдануға арналған аспаптық құралдар.

¾ жалпы қолдануға арналған аспаптық құралдар (ЖҚААҚ) тұтынушылары кәсіпқой бағдарламалаушы болып табылмайтын электрондық оқу-әдістемелік жиынтықты құрастыруға негізделген:

¾ электронды оқулық құрылымын жасау;

¾ мәтін (мәтіндік редактор) енгізу, редакциялау және форматтау;

¾ статикалық безендірілген бөлімді дайындау (графикалық редактор);

¾ динамикалық безендірілген бөлімді дайындау (дыбысты және анимациялық үзінділерді);

¾ өңдеудің басқа құралдарын қолдану арқылы іске асатын, орындалатын модульдерді қосу.

¾ жалпыға қолдануға арналған аспаптық құралдарының жетістіктеріне мыналарды жатқызамыз:

¾ электронды оқулық құралын әуесқой бағдарламалаушының да жасау мүмкіншілігі;

¾ электронды оқулықты жасалу мезгілдерін қысқарту;

¾ компьютерлерге және программалық жабдықтауға талаптың тым жоғары болмауы.

Электронды оқулықтың кемшілігіне мыналар жатады:

¾ онша оңтайлы емес интерфейс;

¾ мультимедиялық және гипермедиялық жүйелермен салыстырғандағы мүмкіндіктің төмендігі;

¾ дистанциялық оқу программаларын жасауға мүмкіншіліктің болмауы;

Гипермәтіндік және гипермедиялық жабдықтар.

Гипермәтін – бұл мәтіндік материалды мәтінде берудің белгілі бір мәтіндік фрагментке таңылған, ерекшеленген сөздер кездесетін сызықты емес әдісі. Осылайша тұтынушы мәтіннің беттерін реті бойынша парақтап қана қоймайды, сызықтық бағыттан қандай да бір сілтеме бойынша ауытқи да алады, яғни ақпарат шығару үдерісін өзі басқарады. Гипермедиялық жүйеде фрагменттер ретінде кескіндер қолданылуы, ал ақпарат өз құрамына мәтінді, графиканы, видеофрагменттерді, дыбысты қамтуы мүмкін.[3]

Гипермәтіндік технологияны қолдану оқулықтарға қойылатын құрылымдалған, қаралуы оңай болуы керек тәрізді талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қажет жағдайда бұндай оқулықты кез келген серверге салып қоюға және оңай түзетуге де болады. Бұл арада көбіне сәтсіз дизайндау, жинақтау, құрастыру тәрізді қателіктер жіберілетінін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта көптеген гипермәтіндік форматтар (HTML, SHTML, PHP және басқалар) жасап шығарылған.

Жабдықтарды таңдаудағы критерийлер. Жабдықтарды таңдағанда:

1) конфигурациясы белгілі аппараттық жабдықтардың;

2) сертификатталған программалық жүйелердің;

3) білім деңгейі жеткілікті маманның бар екендігіне көз жеткізу керек.

Сонымен қатар жасалып жатқан электронды оқулық жұмысқа қажет екенін, оны жаңа мәліметтермен толықтыруды жетілдіру қажет болатынын, жады көлемінің шектелгенін және басқаларды ескеру керек.

Электронды оқулықтың маңыздылығы мен оны құру қажеттілігін негіздеу

Білім берудің ақпараттануы оқытудың жаңа құралдарын жасауды талап етеді. Бірінші кезекте бұларға электронды оқу басылымдарын жатқызу керек. Электронды оқу басылымын құру мен қолдану проблемаларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Көп жағдайда электронды оқулық дәстүрлі оқулық мазмұнын қарапайым көшіріп алу деп қабылданады. Бұндай суреттеу толық емес, оңайтылған әрі оқулықтың толық сипаттауына жарамайды. Бұл студенттердің когнитивті саласына компьютерлік оқу құралдарының әсер ету потенциалды мүмкіндіктерін бағаламауда жатыр. Сондықтан бірінші орынға маман даярлау сапасын көтеру проблемасын шешу жатады.

Электронды оқу басылымын құру, ендіру және қолданудың бірыңғай тұжырымдамасының кірістіру мүмкіндік берер еді:

1. студенттер мен оқытушылардың керекті оқу құралдарымен қамтуды көбейту;

2. оқу үрдісін сапалы жақсартуға қосымша мүмкіндік беретін ақпаратты беру және қабылдау жүйесін қолдану арқасында білім берудің сапасын көтеру;

3. қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды оқыту және мамандық дәрежесін көтеру жүйесіне ендіру арқылы оқытушылар құрамынының дайындық деңгейін көтеру;

4. әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды модельдеу мен имитациялау;

5. білім берудегі қызмет көрсету тізімін кеңейту, оның ішінде Internet және Case-технологиялары негізіндегі қашықтықтан білім беруді қолдану (Кейс-технологиясы дегеніміз пәнді өз бетімен игеру, ал оқытушы тек кеңес беруші ретінде қатысады.);

6. ақпараттану негізінде оқу үрдісін жетілдіру бағдарламалары мен жарыстарға қатысу;

7. әрбір студентке оқытудың жекелеген ыңғайын табу;

8. басқа да басымдықтарды алу.

 

1.2 Электронды оқулықтарға қойылатын негізгі талаптар

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар туралы сөз қозғау өте қиын, өйткені қандай шешім қабылданғанына қарай электрондық оқу басылымының тағдыры, қолдану ыңғайлығы, жаңаруы және тағы басқа жағдайларға әсер етеді. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар тобын көрсетуге болады:

Техникалық - тұтыншылар аясын кеңейту үшін электронды оқулықты пайдаланушының аппараттық бағдарламалық кешеніне талап қоймауы қажет.

Технологиялық - электронды оқулық технологиясы жалпыға ашық,бейімделгіш,жан-жақты әрі перспективті болуы қажет.

Психологиялық - электрноды оқулық адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әрбірінің жеке түріне бейімделуі қажет

Даму және қолдау - электронды оқулық модульдік принципте құрылуы, тораптанған навигация жүйесі болуы керек.

Мазмұны және құрылымы - электронды оқулық құрылымы иерархиялы, интуитивті түсінікті,кеңейтуге иәілгіш болуы қажет.

Экономикалық – электронды оқулық өзіндік бағасы ның, оны қолдану бағасы жалпыға қол жететін технологияның арзан болуы қажет.

Қолданушылар талабы – электронды оқулық иілгіш, түсінікті, мазмұнды, бағасы арзан әрі офистік пакеттер мен қосылатын болуы қажет.[4]

«Талап» түсінігін бұл жағдайда орындалатын бағдарламалық қамтамаға немесе өмір сүру циклінің үрдісіне қойылатын шектеу ретінде түсіну керек. Кез-келген шектеу ақыр соңында потенциалды тұтынушылар аясын шектейтіні белгілі. Қолдануға болатын аппараттық-бағдарламалық кешен түрлері диапазонын (аппараттық-бағдарламалық кешен – құрамы жай ғана техникалық және бағдарламалық бөліктерден тұратын ЭЕМ)кеңейтуге ұмтылу керек, сол арқылы өнім функционалдығын шектемей потенциалды тұтынушылар шеңберін кеңейтуге болады.

Техникалық талаптар тобы ішінен бөліп көрсетуге болады:

¾ компьютердің белгілі-бір сипаттамаларына талаптар, мысалы, оқулықтың жұмысы үшін пайдаланушыда pentium процессорлі компьютері, тышқан, пернетақта, cd-rom болуы керек;

¾ енгізу-шығару құрылғыларына және периферия құрамына талаптар. пайдаланушыда, мысалы, түрлі-түсті монитор, принтер және интернетке шығу мүмкіндігі болуы қажет.

¾ бұл топқа шартты түрде пайдаланушы машинасында орнатылған бағдарламалық қамтамаға талаптарды қосуға болады. [5]

Технологиялық талаптар тобына бағдарламалық өнімді жасау технологиясын таңдаудан шығатын шектеулер жатады. Қандай да бір технологияны таңдауда оны қолданумен байланысты көптеген сипаттамалар сәттерді назарға алу керек: аталған технология көмегімен ойластырылғанды қаншалықты іске асыруға болады, берілген оқу құралымен жұмыс үшін пайдаланушы қымбат тұратын бағдарламалық қамтаманы сатып алуы қажет болмай ма, яғни қайсыбір технологияны қолдану жоғары техникалық талаптарға алып келмей ме, қаншалықты болашағы бар, берілген бағдарламалық өнімді қаншалықты жеңіл қолдануға әрі өзгертуге болады және басқа да жағдайлар әсері.

Кез келген бағдарламалық өнімді, оның ішінде электронды оқулық жасау және ендіруге қатысты шектеулерді мәселенің қаржылық жағы қоюы мүмкін. Аталған мәселе туралы қандай да бір ақыл беру өте қиын, тек «тегін» бағдарламалық өнімдерді қолдану нәтижесінде электрондық оқу басылымының өзіндік құнын айтарлықтай түсіруге болатындығын айта кеткен жөн.

Кез келген өнімнің маңызды сипаттамасына оның психологиялық қабылдануы жатады. Адамның қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл өз кезегінде мүмкіндік береді:

¾ оқу құралының көркемдігін жақсартуға;

¾ материалдың еске сақталуын жақсартуға;

¾ жаңа бағдарламаға, оқу пәніне пайдаланушының үйренуін жеделдетуге;

¾ экран алдында жұмыс барысындағы шаршауды төмендетуге;

¾ назарды маңызды бөліктерге аудару, оның қабылдануын жақсартуға.

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

1. Жинақтылық




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1391; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.