1895 жылы ағайынды Огюст және Луи Люмьерсинематографты ойлап тапты (пленканы проекциялық фонармен қосты) және алғашқы документалды фильмдердің авторларына айналды («Поездың келуі», «Су құюшы»).
Ғасырдың басында Петербург технологиялық институтының профессоры Б.Л.Розинг электронды-сәулелі трубканы (кинескопты) ойлап тапты, кейін әлемді тұңғыш болып лабороториялық жағдайларда бірнеше метр қашықтықта бейнені бейнелеуді жүзеге асырды.
Ғасыр басында түрлі кинематографиялық жанрлар: детектив, комедия, вестерн, шым-шытырық фильмдер пайда болды.
20 жылдары Д.Гриффит пен Т.Инс сияқты американдық режисерлер арқасында кино бұқаралық өнерге айналды.
Ч.Чаплинмен жасалған фильмдер әлемдік кино өнерінің алтын фондын құрады («Алтын лихорадка», «Цирк», «Иық»).
Ресейде 20 жж. С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, А.Довженко секілді танымал режисерлер қызмет етті.
1927 ж. «Уорнер бразерс» киностудиясында бірінші дыбысты фильм – «Джаз әншіс і» фильмі жасалды, режисері А.Кросленд.
Ресейде бірінші дыбысты фильмдер 30-жж. басында пайда болды – «Өмірге жолдама», режисері Н.Экк және «Қарсы келе жатқан» режисерлері С.Юткевич, Ф.Эрмлер.
Кинематограф шедеврлері әр түрлі елдерде пайда бола бастады: Италия (Феллини, Антониони), Франция (Годар, Лелуш, Бессон), Германия (Херцог, Фасбиндер, Вендерс), Англия (Гринуэй), Россия (Тарковский, Параджанов).
20 ғасырдағы Ресей мәдениеті
20 ғ. басында орыс көркем мәдениетінде декаденттік ағым кең тарады (азаматтық идеалдардан, санаға сенімнен бас тарту, индивидуалистік ой толғауларға ену).
Модернизм белгілері орыс өнерінде символизмде, акмеизм мен футуризмде көрініс тапты.
Символистердің көркем және публицистикалық органы «Таразы» журналы болды. Оның беттерінде орыс символистерінің әртүрлі теоретикалық, философиялық, эстетикалық тамырлары бейнеленді.
Бұл бағыттың өкілдері Д.Мережковский, Ф.Сологуб, З.Гиппиус, В.Брюсов, К.Бальмонт («аға символистер»), А.Белый, С.Соловьев, В.Иванов, А.Болк («кіші символистер»).
Акмеизм жақтаушыларының символистерден ерекшелігі, олар нақты болмысты дәріптеді (А.Ахматова, С.Городецкий, М.Зенкевич).
1910-1912 жж. орыс әдебиетінде футуризм ағымы пайда болды.
Футуристік топтар ішінде ең маңыздысы,кейін кубофутуризм деп аталған, өзінің құрамына келесідей ақындарды біріктірді: Д.Бурлюк, В.Хлебников, А.Крученых, В.Каменский, В.Маяковский.
Футуризмнің бір түрі эгофутуризм болды, өкілі И.Северянин.
Футуристер тобында «Центрифуга» деп аталатын топтың мүшелері Н.Асеев пен Б.Пастернак болды.
Футуризм нигилистік бағыттың ең жоғарғы деңгейі болды.
20 ғ. басында орыс философиясы жоғары өрледі.
Бұл кезеңнің ең жарқын фигурасы Владимир Соловьев болды.
Оның «Адамқұдай» концепциясы кең тарап, орыс діни философиясының әрі қарайғы даму бағытын анықтады.
Кеңес кезеңінің мәдениеті.
КСРО-ның өмір сүруі кезеңінде социалистік қоғамды құру туралы утопистік идея бірқатар маңызды және нақты мақсаттарға жетуге мүмкіндік берді.
Бірінші кезекте, бұл жалпыға бірдей сауаттылық пен ғылым мен техниканың дамуы болды.
1905 ж. Ресей халқының 30 % сауатты болды, 1939 ж. бұл көрсеткіш 90 %- ға, ал 1970 ж. – 100 %.
Қатаң идеологиялық негізге қарамастан, социалистік реализм шеңберінде көптеген жетіктіктерге қол жеткізілді: фильмдер түсірілді, кітаптар мен өлеңдер жазылды.
Орыс жазушылары Нобель сыйлығының лауреаттары атанды: Б.Пастернак (1958 ж.), М.Шолохов (1965 ж.), А.Солженицын (1970 ж.), И.Бродский (1987 ж.).
Шетелдік орыс мәдениеті
Қазан революциясынан кейін орыс интеллигенциясының көп бөлігі елден кетіп, шетелдік орыс мәдениетін қалыптастырды.
Шетелдік орыс мәдениетінің ерекшелігі – ол революцияға дейінгі Ресейдің құндылықтарын сақтап қалды.
Орыс эмиграциясының үш толқынын бөліп қарастырады.
Бірінші толқыны – революциядан көп ұзамай Ресейден кеткен адамдар. Бұл – азамат соғысы кезінде европаға қашқандар және 20жж. кеңес билігімен күштеп шетелге қуғынданғандар, дворяндар мен интеллигенция. Барлығы 10 млн.-нан аса адам. Олардың ішінде В.Набоков, И.Бунин, З.Гиппиус, С.Рахманинов, И.Стравинский, В.Нижинский сияқты мәдениет қайраткерлері.
Эмиграцияның екінші толқыны Ұлы Отан соғысымен байланысты.
Үшінші толқын – 1960-1980 жж. КСРО-дан кеткендер (А.Солженицын, В.Аксенов, И.Бродский, А.Синявский, С.Соколов, М.Шемякин).
20 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
20 ғ. басындағы Қазақстандағы мерзімді басылым.
Қазақ тіліндегі бірінші баспалар отаршылдық билік органдарымен құрылды: «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882) және «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902).
«Түркістан уәлаятының газеті» Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды.
«Дала уәлаятының газеті» Омбыда Дала генерал-губернаторлығымен шығарылды.
Бұл газеттерда патша жарлықтары, үкімет органдарының бұйрықтары, императорлық саясаттың мәні, сондай-ақ А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой шығармаларының аудармалары, ғылым мен техника салаларындағы жетістіктер басылып тұрды.
«Түркістан уәлаятының газеті» 1870 ж. бірінші рет қазақ тілінде Ш.Уәлиханов туралы мақаланы басып шығарды.
«Дала уәлаятының газетімен» М.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Ж.Айманов, А.Айтбакин жұмыс істеді.
1907 ж. ІІ Мемлекеттік Дума депутаты Шаймерден Қосшығұлов ұсынысымен «Серке» газетінің бірінші номері шықты (барлығы 4 номері шығарылды).
1907 ж. наурызда Троицкіде «Қазақ газетінің» бірінші номері жарық көрді (жалғыз номері).
1911 ж. наурызда Оралда қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан» газеті шықты (16 номер).
Аз тиражбен шығатын бұл аймақтық газеттер үлкен өлкенің талаптарын қанағаттандыра алмады.
«Айқап» журналы.
1910 ж.М.Сералин ай сайынғы журнал шығаруға рұқсат алды. Оның құрамына алдыңғы қатарлы мақалалар, шетелдік жаңалықтар, мұсылман өмірінің мәселелері, хроникалар, фельетондар, өлеңдер, библиография, ғылыми мақалалар мен редакцияға жазылған хаттар енді.
1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде бірінші қазақ ұлттық «Айқап» журналының бірінші номері шықты.
Журналдың идеологтары Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров болды.
Журнал арқасында халық С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев шығармашылығымен таныса алды.
Бірінші номерде М.Сералин журналдың мағынасы «ай, қап», яғни оны құру жолындағы ұзақ күресті түсіндірді.
Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін шығып тұрды (барлығы 88 номер, 1000 экземпляр тираж).
«Айқап» әйел мәселесіне, жер мәселесіне, ағарту ісіне, қазақ фольклорын зерттеуге, т.б. көп көңіл бөлді.
Журнал беттерінде абайтанудың қалыптасуы басталды.
«Қазақ» газеті.
«Қазақ» газеті 1913 ж. ақпанынан 1918 ж. қаңтарына дейін шығып тұрды (265 номер, 3000 экземпляр).
«Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынов болды, ағарту ісінің басшысы, ақын, публицист, ғалым-тюрколог.
1914 ж. маусымда жауапты редакторы болып М.Дулатов тағайындалды.
1918 ж. газетті Ж.Жаныбаев редакциялады.
Газеттің бағытын анықтауда саясаткер, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, публицист Ә.Бөкейханов үлкен рөл атқарды.
«Қазақ» газетінің айналысында қазақ интеллигенцияның қаймағы топталды: Ш.Құдайбердиев, М.Жумабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Х. Досмұхамедов, С.Дөнентаев,М.Шоқай, М.Тынышпаев.
20 ғ. басындағы қазақ әдебиеті.
Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы (1911 ж.) халықтың ауыр, теңсіз жағдайына арналды, білімге, ғылымға, мәдениетке шақырды.
Байтұрсыновтың «Қырық мысал» (1909 ж.) шығармасы Крыловтың мысалдары үлгісімен жасалды.
А.Байтұрсынов – қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасының негізінде қазақ алфавитін құрастырды.
Байтұрсыновтың жақын серігі Міржақып Дулатов болды. Оның «Оян, қазақ» жинағы – халық тағдыры өткір көтерілетін бірінші шығармалардың бірі.
Ол «Бақытсыз Жамал» романының, «Азамат», «Терме» шығармаларының авторы.
С.Торайғыров «Қамар сұлу», «Кедей» шығармаларының авторы.
Қазақ ақындарының бір тобы (М.Көпеев, Н.Наушанбаев, М.Қалтаев) Шығыс демократиялық әдебиетінің тәжірибесін қолдана отырып, ұлттық дәстүрде шығармашылық жүргізді.
20 ғ. басында әдебиетке М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты дарынды авторлар келді.
Қазақ балетінің қалыптасуы.
20 ғ. басында қазақ мәдениетінде классикалық балет өнері болмады. Ол кеңестік заманда туды және азғантай уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті.
Қазақ хореографиясының бастауы мен оның әрі қарайғы дамуында тұрғандар: М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Ж.Шанин, Ф.Ибрагимов, А.Мартиросьянц, А.Исмаилов, Ш.Жиенкулова, Б.Аюханов, М.Тілеубаев, Ж.Байдаралин.
Қазақстанда билеттің қалыптасуы 30-жж. И.Коцыктің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясынан және Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер-Тарғын» операларынан басталды.
30-жж. аяғында балет өзіндік жанрға айналды: «Қалқаман-Мамыр» (либретто М.Әуезов, Музыка В.Великанов, қоюшы Л.Жуков) және «Көктем» (либретто Ә.Тәжібаев, музыка Н.Надиров, қоюшы А.Чекрыжкин).
Ұлы Отан соғысы жылдарында Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында 20 ғасырдың ұлы балеринасы Галина Уланова биледі.
Қазақстандық кинематографтың дамуы.
1910 ж. Верныйда бірінші жеке меншік кинотеатр ашылды.
30 жж. басында ресейлік кинематографистер қазақ актерлерінің қатысуымен «Дала әндері» фильмі (1930 ж.) түсірілді, бас рөлде С.Қожамқұлов. «Жұт» (1931 ж.) – актерлер Х.Дәулетбеков, С.Қошкенбаев.
1938 ж. ленинградтық кинематографистер қатысуымен бірінші дыбысты фильм «Амангелді» түсірілді.
Ұлттық фильм өндірісінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келеді.
Алматыда құрылған Орталық бірлескен киностудияда кино шеберлері қызмет етті: С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, Д.Вертов, Л.Трауберг, т.б.
1944 ж. Орталық бірлескен киностудиясы таратылғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше қызмет ете бастады.
Киностудияның бірінші көркем фильмі «Абай әндері» болды, сценариі М.Әуезовтікі.
1954 ж. «Махаббат туралы поэма» фильмінде бірінші рет театр және кино артисі Шакен Айманов қоюшы режисер ретінде болды.
80 жж. кинематографистер одағын танымал ақын Олжас Сүлейменов басқарды.
Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
· Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ертесі. Ол б.д.д. 6-5 ғғ. Үндістанның солтүстік –шығыс аудандарында қалыптасты.
· «Буддизм» атауын айналымға европалықтар 19 ғасырда енгізді, буддистердің өздері дінді Буддхадхарма (Будда ілімі) деп атайды.
· Буддизмнің негізін салушы Шакья патшалық тайпасынан шыққан Сиддхартха Гаумата есептеледі.
· 29 жасында ол Буддаға айналды («ағартушы»).
· 35 жасында ол Бодхисатва жолын – адамзат ұстазы жолын бастады.
· Буддизмді индуизмнің радикалды рационалды формасы ретінде сипаттауға болады.
· Буддизм қандай да бір құдайдың бар екендігін мойындамайды, сондықтан ол философиялық гуманизмнің бір түріне жақын.
· Буддизмнің негізгі мазмұны: «төрт ақиқат», «сегіз өлшемді жол» және нирвана.
· «Төрт ақиқат»: 1. Өмір – бұл қасірет; 2. Қасіреттің себебі бар (құмарлық); 3. Қасіретті тоқтатуға болады; 4. Қасіретті тоқтату жолы бар (сегізөлшемді жол).
· «Сегіз өлшемді жол» сегіз сатыдан тұрады: 1. дұрыс түсіну (ырымшылдықтан арылған көзқарастар); 2. Дұрыс ойлау (құмарлықтардан бас тарту); 3.Дұрыс сөйлеу (өтірік айтпау, бос сөйлемеу, балағаттамау); 4. Дұрыс әрекет (тіршілікті өлтірмеу, бөтеннің затын алмау); 5. Дұрыс күш (басқаларға зиян келтірмей ақша табу); 6. Дұрыс ынта (зұлым әрекеттерге қарсы тұру, жақсы, мейірімді әрекеттер жасау); 7. Дұрыс шоғырлану (өзін өзі бақылау, құмарлықтардан босану); 8. Дұрыс концентрация (ниванаға жету).
· Сегізінші сатықа жеткен адам дұрыс концентрацияның төрт сатысын орындау керек: 1. таза ақылмен ақиқатты ойлау және зерттеу; 2. Тыныштық рахатын кешу, салмақты ойлау; 3. Немқұрайлық жағдайына өту; 4. Жетілген немқұрайлық, салмақтық, өзін өзі ұстану жағдайына жету.
· Нирван – буддист өмірінің басты мақсаты. Бұл – карманы толығымен жеңу. Оған тек будда болған адам ғана жете алады.
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление