Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны.




Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.

Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрыллысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту. (Батыста дизайн деп аталады)

Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:

- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;

- жобаны құжат түрінде анықтау.

Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс – нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:

-нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;

-белгілі ресурстар;

- басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.

Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.

Жүйелік көзқарас тұрғысынан алсақ, жоба шектеулер мен механизмдерді ескере отырып белгілі бір жағдайдан түпкілікті нәтижеге өту үрдісін қарастырады.

Шектеулер:

Қаржылық

Нормативтік-құқықтық

Этикалық

Қоршаған орта

Логистикалық

Белсендіру әдістері

Уақыт

Сапа деңгейі

Жанама әрекеттер

 

 

Қажеттіліктер Жоба Қанағаттандырылған қажеттіліктер

 

Қамтамасыз ету:

Адамдар

Білім мен тәжірибе

Интрумент пен техника

Технология

1-сурет. Жобаға жүйелік көзқарас

 

Жобаның элементтері:

-ой (мәселе, міндет)

- Жүзеге асыру құралдары (шешім)

- Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)

Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрыллысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту. (Батыста дизайн деп аталады)

Инвестициялық жоба белгілі уақыт аралығында нақты мақсаттарға және жоспарланған нәтижеге жетуде белгілі бір ресурстарды, соның ішінде зияткерлік, қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының салымын қарастыратын инвестициялық акция. Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижесі болып пайда/табыс табылады, ал материалдық-заттай нәтижесі – жаңа немесе жаңартылған негізгі қорлар, сонымен қатар болашақта пайда алу мақсатымен қаржылық инструменттер мен материалдық емес активтерді сатып алу және қолдану.

Кейбір салаларда (авиациялық-космостық, қорғаныс) жұмыстың күрделілігіне байланысты жобалар бағдарламаға бірігеді.

Бағдарлама - өзара байланысты жобалардың жиынтығы..

Бәсекелестік пен жоғары технологиялардың дамуының әсерінен жобалық-бағдарланған әлемде өмір сүруіміз «Жобаларды басқару» пәнінің маңыздылығын анықтайды.

 

 

 


«Жобаларды басқару» жеке пән ретінде Батыстың дамыған елдерінде ХХ ғасырдың 50 жылдары қарастырыла бастады. «Жобаларды басқару» салыстырмалы жас ғылым, бірақ жобаларды басқаруды адамдар ерте кезден білген. Мысалы, Ұлы қытай қорғаны, Эйфелева башня жобаларды басқару әдістерін білмей салынуы мүмкін емес еді. Жобаларды басқару – даму сатысындағы менеджменттің жаңа бағыты.

Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру, жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-11; Просмотров: 4024; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.